• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:03:34
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 Аймақтар

Мемлекеттік марапатты алу үшін ҮЕҰ арасындағы байқау қалай өтті?

Сарапшылар қауымдастығымен 216 өтінім қарастырып, әлеуетті үміткерлерді таңдап алды.

21 қарашада үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сыйлықақылар 59 ҮЕҰ-ға әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлестері үшін берілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі болып табылады.

ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындау үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейін қабылданды.

Сарапшылар тобының құрамына мемлекеттік органдың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, атақты қоғам белсенділері мен журналистер кірді. Олардың қатарында профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, «Аймақ» ҚҚ президенті Айгүл Соловьева, қоғам белсендісі Джохар Өтебеков, қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис, атақты блогер Ғалым Байтұқ, барлығы 66 сарапшы бар.

Сарапшылар қауымдастығымен 216 өтінім қарастырып, әлеуетті үміткерлерді таңдап алды. Өтінімдер Қазақстанның түрлі аймағынан келіп түсті. Ең көп үміткерлер Астана қ. – 49, Алматы қ. – 33 және Алматы облысынан – 29 өтінім болды. ДІАҚМ жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында 59 ұйымға сыйлықақы тағайындау ұсынылды.

ҮЕҰ

Сыйлықақылар «ҚР-дағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ-ға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес 15 номинация бойынша берілді. Әрбір сыыйлықақынаң мөлшері 4,5 млн. теңгені құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір