• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:43:13
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен кездесті

Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономикадағы және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.

– Биыл екі ел  арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы өзара сауда-саттық көлемі үш есе өсті. Барлық бағыттар бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы нәтижелі болып отырғанын айтты.  

– Орын алған қиындықтарға қарамастан, біз алға жылжып келеміз. Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі. Сонымен қатар, Байқоңыр кешеніне қатысты әріптестігіміздің дамып келе жатқанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, екі елдің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік саясаттың мейлінше өзекті мәселелеріне тоқталды.

Владимир Путин мемлекетаралық байланыстарды дамытудың және нығайтудың басты факторы саналатын екіжақты кездесулердің маңыздылығы мен нәтижелілігі жөнінде айтты. 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір