05 Қазан, 2017 NEWS Өзгерту
Мемлекет басшысы Шығармашылық академиясына барды
Мекеме 6-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға мектептен тыс қосымша білім беруге арналған.
Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бағдарламасы арқылы салынған Шығармашылық академиясына барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Қазақстан Президентіне академияның жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Онда бір уақытта 1000-ға жуық бала ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысып, өздерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қабілеттерін дамыта алады.
Соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірдің қазіргі кезеңдегі негізгі даму көрсеткіштері туралы айтты.
Шығармашылық академиясы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржысына салынған. Мекеме 6-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға мектептен тыс қосымша білім беруге арналған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Көп оқылғандар
Пікір қалдыру
пікір