• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:25:05
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Меланья Трамп жұбайымен суретке түсуден бас тартты (видео)

Айта кетейік, Меланья Трамп АҚШ президентін осыған дейін де ыңғайсыз жағдайға қалдырған.

АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп жұбайымен суретке түсуден бас тартқан. Бұл жағдай видеоға  түсіп желіде таралып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Оқиға Флоридада Палм-Бич әуежайында орын алған. Ерлі-зайыптылар хаттамаға сәйкес ұшақтан бірге түсіп журналистер алдында фотоға түсуі керек болатын. Твиттерде жарияланған видеода Меланьяның Дональд Трамптан алшақ жүргенін, фотоға түсуідің орнына ұшақтан түсіп бірден көлікке отырғанын көруге болады. Трамп жалғыз өзі фотографтарға қол бұлғап, кейін көлігіне аяңдаған.

Айта кетейік, Меланья Трамп АҚШ президентін осыған дейін де ыңғайсыз жағдайға қалдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір