• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:22:37
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Денсаулық

Мектептердегі тамақтандыру диабет пен онкологиялық ауруларға ұшыратады

Ерте жастағы денсаулық күтіміне қаржыны үнемдеу дұрыс емес.

Мектептегі тамақтандырудың бүгінгі ұстанған тәжірибесі диабет пен онкологиялық ауруларға әкеп соғады. Бұл туралы Алматы қаласында өткен баспасөз-конференциясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалар бағдарламаларын жүзеге асырушы қоғамдық ұйымдардың өкілдері хабарлады.

Мектептердегі тамақтандыру

Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан мектептеріндегі тамақтанудың қолданыстағы тәжірибесіне талдау жасалды. Мұндағы қорытындылар көңілге қонымсыз, яғни ҚР тамақтану академиясы әзірлеген стандарттары мен диеталық рациондарға сәйкес емес, мектеп асханалары базасындағы жалға алушылардың иелігіндегі тамақтандыру ата-аналардың сапа турасында қоятын талаптарымен ұштаспайды, үдерісті басшылық та, ата-аналар да бақыламайды, жергілікті бюджет сапалы өнімдерді пайдалануға жеткілікті қаражат бөлмейді. Баспасөз конференцияларын ұйымдастырушылардың айтуынша, дұрыс тамақтану әдеттерінің қалыптасуы мұндай жағдайда орын алмайды, рационалды тамақтану болмайды және бұл ауруға шалдығу көрсеткішін тек ұлғайта түседі.

«ҚР Бала құқықтары туралы заңында» әрбір баланың денсаулық сақтауға айрықша құқығы бар екендігі және оны қалай ұйымдастыру тәртібі туралы толық түсіндіріледі. Баланың денсаулығын қорғау құқығы салауатты өмір салтын насихаттау, балалар ауруларының алдын алу, қолайлы ортаны құру, баланың сау болып өсуі үшін қажетті сападағы тағам өнімдерін өндіру мен оны сатуды бақылау негізінде жүзеге асады.

-Мемлекет дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және оны тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерден қаражатты бөлу практикасын қайтаруы дұрыс, - деді Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы Алматы және Алматы облысы бойынша Ұлттық алдын алу механизмі тобының мүшесі және «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина. - Бұл жағдайда мемлекет тіпті үнемдей де алады - балаларды кейін ұзақ уақыт емдеуге қарағанда, балаларды бүгін дұрыс тамақтандыруға баулу – ұтымды шешім. Бұған қоса, ата-аналар мектептің қамқоршылар кеңесі арқылы осы мәселе бойынша белсенділік танытуы қажет.

Тамақтану дағдылары ерте жастан қалыптасады. Қазақстанда ДДСҰ деректері бойынша, барлық балалардың төрттен бірі артық салмақтан, ал олардың жартысы семіздіктен жапа шегеді. Осы балалар егде жасында инфекциялық емес ауруларды дамытуға бейім, бұл ерте өлім қаупін арттырады. Дәрігерлердің айтуынша, қант диабетінің 44% -ы, жүректің ишемиялық ауруы 23%-ы, ісік ауруының 40%-ы артық тамақтанудан туындаған салмақ пен семіздікпен байланысты.

-Онкологиялық химиотерапияның бір рәсімінің құны 1 миллион теңгеге жетеді. Ерте жастағы денсаулық күтіміне қаржыны үнемдеу дұрыс емес және мүмкіндігінше оқушылардың ең көп санын толыққанды азық-түлікпен қамтамсыз ету маңызды. Бұл жағдайда мектепке сүт және сүт өнімдерін қайта оралту ең оңтайлы қадам болып табылады, - деді «Аман Саулық» қоғамдық қорының сарапшысы Татьяна Бажова.

Татьяно Бажова

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» - Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Мектеп оқушыларының диетасына арналған бірыңғай стандарттар» атты әдістемелік ұсыныстар алға тартылды және оны барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асыру тіпті 2017 жылы орындалуы тиіс болатын.

- Балалар аурулары түрлерінің өсуі витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен туындайды, сондай-ақ белсенді өсім мен жетілу кезеңінде тез көп энергия жұмасайтындықтан олар тез сарқылады, яғни көкөністер, жемістер, сүт және лактоза жеткіліксіздігі бар балаларға ұсынуға болатын йогурт тәрізді қоректік заттардың қажетті мөлшерде тұтынуы маңызды,  - деп атап өтті Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский.

Мектеп асханалары

Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, мұндай азық-түлік стандарттары сақталмайды және оны жіті қадағалау жұмыстары жүргізілмейді. Жоғары сапалы тағам мәзірі өте қымбат, іші жастағы топтар үшін 650 теңгеден басталып, егде жастағы азаматтар үшін  960 теңгені құрайды. Билік тарапынан мұндай қаражатты бөлі көзделмеген.  Жергілікті бюджеттердің есебінен тамақтандыруға ақша бөлінуі орынды, сол жағдайда ғана  диеталық стандарттарды орындау жүзеге асырылатын болады, кез-келген кез келген мониторинг ашық өтеді және қамқоршылық кеңесінің қатысу арқылы, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік процестерге бей-жай қарамайтын, әлеуметтік жобаларды асыруға ниетті демеушілерді де тарту керек – деді баспасөз конференциясына қатысушылар.

- Біз билік пен мектептерге әртүрлі бағамен тамақтануға интеграцияланған түрлі тәсілдерді ұсынамыз: қол жетімді, орта және толық түскі ас. Бала денсаулығы үшін ең ұтымдысы – үзіліс уақытында сүт және йогурт өнімдерімен тұтындыру. Егер муниципалитет толық түскі асқа қаражат таппаса, онда билік өкілдері мектептің қамқоршылар кеңесі арқылы жұртшылықтың назарынада бақылауды қолға алуы керек. Жартылай қаржыландыру мақсатында демеушілермен әріптестікті іздестіру де жағдайды жақсартуға жетелейді, қол қусырып отырмауымыз орынды, – деді Марианна Гурина.

Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар сондай-ақ 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, Алматы қаласының мектептерінің бірінде барлық нормалар мен ережелер сақталған, мектеп басшылығы, қамқорлық кеңес және азық-түлік бөлімінің қолдауымен пилоттық жоба іске қосылмақ екенін алға тартты.  

Барлық мектептің оқушыларын жеткілікті түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін демеушілер тартылған. Ұйымдастырушылар бұл жобадан тек оң нәтижені күтеді – яғни балалар денсаулығының жақсаруы, олардың көтеріңкі көңіл-күйі мен білім көрсеткішінің өсуі - басты мақсат. Бұл бастама Қазақстанның басқа мектептеріне де тәжірибе тарату және мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа жолында үлгі болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір