• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:36:10
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Сәрсенбіде Паркленд қаласындағы орта мектептегі атыстың салдарынан 17 адам көз жұмды.

Би-би-си болған оқиға жөнінде, қанды қырғынның куәгері, аталмыш мектептің оқушысы Дэвид Хоггпен сөйлесті.

Дэвид Хогг ең алғаш оқтың атылған даусын 14:30-да естіді.

Ол экология сабағында отырған. Мұғалім оқушыларға тест сұрақтарын таратып берген.

Қатты тарсылдаған дыбыс шыққанда балалар бір-біріне қарап қалды. Біреу дыбыстың атылған оққа ұқсайтынын айтты.

Мұғалім есікті жауып қойды. Бірнеше секундтан кейін сигнализация ойнады.

- Біз далаға шықтық. Бұл жаттығу жұмыстары деп ойладық. Дәлізге шыққанда бізге қарама-қарсы бір топ оқушы жүгіріп келе жатты. Бұрылып топпен бірге қаштық. Біз дәл қылмыскерге қарай бара жатқанымызды білмедік. Алдымыздан еден жуушы ағай шығып, «Ол жерге бармаңдар, қылмыскер сонда!» деп айқайлады, - дейді Дэвид.

Бір топ адам бұрылып ас пісіруді үйрететін Эшли Курттың сыныбына тығылды.

- 30 секундтің ішінде сыныпқа 30-40 адам жиналды. Бөлмедегі жарық сөндірулі болды. Оқушылардың бірі шыңғырып, жылай бастады. Оған су бердік. Бірақ көбі сабырлық сақтады. Біраз уақыттан кейін телефонымыздан атыс туралы жаңалықтар шыға бастады.

Дэвидтің қарындасы онымен бір мектепте оқитын.

- Мен оның тірі екенін білдім. Ол маған ең алдымен жазды, одан кейін қоңырау шалды.

Дэвид әкесіне қоңырау шалды. Басқа да оқушылар ата-анасына хабарласып, оларды жақсы көретінін айтты. Ешкім жыламады.

Ата-ана

Дэвид – болашақ журналист. Ол сыныпта отырғандардан сұхбат алған.

- Егер өліп қалсақ біздің даусымыз мәңгі естелік болып қалады деп ойламдым, - дейді Дэвид.

Бір сағаттан кейін сыныпқа бес әскери адам кіріп келді де, жерге жатып, қол көтеруге бұйрық берді. Біраз уақыттан кейін қолымызды көтерген күйде сыртқы шығарды.

Дэвид қауіпсіз жерге болғанда есеңгіреп қалғанын айтады. Ол әкесі мен қарындасын көрді. Қарындасының құрбысы оққа ұшып, көз жұмған екен.

Мектеп

- Мұндайдың қайталанғанын қаламаймын. 17 үйде бір адамның орны босап қалды. Біреудің баласы ажал құшты. Мұндай қатігездікті бұрын-соңды көрмедім, - дейді Дэвид.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір