16 Ақпан, 2018 Оқиғалар
Мектептегі атыс кезінде қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды
Қырық минуттан соң дәмханадан шыққанында, оны полиция ұстады.
Флоридадағы Броуард округының шерифі Скотт Исраэл мектептегі атыс кезінде қаза тапқан он жеті адамның есімін атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының дерегіннегізге ала отырып.
Оның айтуы бойынша, күдікті Николас Круз мектепке таксимен келген. Атыстан кейін мылтығын тастап, мектептен шыққан да, адамдардың қалың тобы арасында жүріп, қашып кетпек болған. Біраз уақыт Walmart супермаркетінде жүріп, Subway, кейін McDonalds дәмханасында отырған.
Қырық минуттан соң дәмханадан шыққанында, оны полиция ұстады. Круз қарсылық көрсетпеген көрінеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір