• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:00:49
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Мектепте спортшы оқушыларды денешынықтыру сабағынан босатады

Денешынықтыру сабағының уақытында спортшы оқушылар басқа сабағына көңіл бөле алады

Денешынықтыру сабағының уақытында спортшы оқушылар басқа сабағына көңіл бөле алады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы оқушылар денешынықтыру сабағынан босатылмақ. Ол үшін ата-аналар растайтын құжаттарды жинап, мектеп басшылығына өтініш беруі қажет. Бұл жайында ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, спортшы оқушыларды денешынықтыру сабағынан босату туралы нақты шешім мүғалімдер кеңесімен қабылданады.

«Аптасына үш сағаттан аса кәсіби спортпен айналысатын оқушыларды денешынықтыру сабағынан босату туралы біраздан бері айтылып жүр. Біз көптеген ата-аналардың өтініші бойынша шешім қабылдап отырмыз. Енді кәсіби спортпен айналысатын оқушылар мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша мектептегі денешынықтыру сабағынан босатылатын болады», - деп айтты министр.

Ерлан Сағадиев денешынықтыру сабағынан босатылған оқушылар ол уақытта басқа пән бойынша білімін арттыратынын баса айтып өтті.

Министр, сонымен қатар, мектеп бағдарламасындағы денешынықтыру пәнінің үшінші сағаты алынбайтынын хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде жаңа оқу жылынан бастап денешынықтыру пәнінің үшінші сағаты қысқартылатыны жайлы айтылып жүр. Алайда бізде ондай жоспарлар болған жоқ, ол туралы заңда жазылмаған», - деді Ерлан Сағадиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір