• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 20:21:52
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Оқиғалар

Мексикада бес саясаткерді өлтіріп кетті – БАҚ

Алдын ала деректерге сәйкес, «Морен» партиясының бес мүшесіне оқ атылған.

Мексикалық Оахака штатындағы «Морен» партиясының депутаты Эмигдио Лопес Авенданьо дүйсенбі күні өлтірілді. Онымен қоса төрт партиялық әріптесі де сайлау алды сапар барысында тапсырыспен өлтірілді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

«Жергілікті депутаттыққа үміткер Эхутла Эмигдио Лопес Авенданьо мен әріптестерін сайлау алды сапарын орындап жүргенде өлтіріп кетті», - деп жазды сенатор Саломон Хара Крус Twitter-дегі парақшасында.

Алдын ала деректерге сәйкес, «Морен» партиясының бес мүшесіне оқ атылған. Шабуылдың себептері әзірге белгісіз.

Ettellekt аналитикалық компаниясының дерегіне сүйенсек, Мексикада сайлау алды кампания барысында 112 саясаткер өлтірілген. Олардың 28-і жоғары лауазымдарға үміткер болуға дайындалып жүргендер болса, тағы 14-і тіркелгендер.

Осыған орай Мексика билігі 1 шілдеде өтетін дауыс беру науқанына дейін әр үміткердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолына алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір