• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:41:49
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Медициналық орындарды компьютермен жарақтандыру 88%-ға жетті - Е. Біртанов

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді

Еліміздегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі компьютерлендіру 88 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап

Министр еліміздегі денсаулық сақтау орындарындағы жаппай компьтерлендіру мәселесіне де тоқталып, әкімдерге бұл жұмысты күшейту керектігін айтты.

«Медициналық орындарды компьютерлік техникамен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы көрсеткіш шамамен 88 пайызды құрады. Жергілікті атқарушы органдардың жабдықталуы 100 пайызға жеткізуді сұраймын», - деді Е. Біртанов.

Қазақстандағы емделушілердің 14 пайызы Электрондық Үкімет порталын пайдаланады. Ал, тұрғындарға көрсетілетін тегін дәрігерлік қызмет 600 млрд теңгені құрап отыр.

«Еліміздің барлық өңірлерінде ең маңызды ауруларды басқару бағдарламалары енгізілуде. Мемлекеттік қызметтерді электрондық қызмет пен мобильдік қосымшалар арқылы көрсетудің қолжетімділігін мен қолайлылығын арттыру жұмысы жүргізілуде. Мысалы науқастардың 14 пайызы egov.kz арқылы жазылған», - деді Е. Біртанов.

Сондай-ақ, ол ұлттық дәрілік қамтамасыз ету саясатын баяндап, үнемділік пен тиімділік туралы сөз етті.

«Ұлттық дәрілік қамтамасыз ету саясатын іске асыру шеңберінде бірыңғай дистрибютор қызметінің ашықтығын арттыру, сатып алу процесін тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Үнемделген қаржы 26,5 пайыз, ол қосымша дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік берді», - деді министр.

Е. Біртановтың айтуынша, ақпараттық жүйелерді интеграциялау процесі жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, дәрі-дәрмек ретсіздіктерін реттеу қажеттігін айтты.

«Бүкіл ақпараттық жүйелерді біз қазір интеграция жасап, барлық өңірлерде қандай дәрілер жеткізіледі. Соның бәрін біз көріп отырмыз. Бірақ, кейбір өңірлерде әлі берілмеген дәрі-дәрмек нысаны өте жоғары. Осыған байланысты қысқа мерзімде дәрілік заттардың нақты қалдықтарымен дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерін салыстыру қажет», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылғы тамыздың соңына дейін емханаларда электрондық құжат алмасуды аяқтау маңызды болып табылады. Осындай жағдайда бүкіл диспансерлік деңгейде тұратын науқастардың санын білуге болады. Бұл келешекте дәрі-дәрмекті дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда аймақ басшылары өңірлердегі жағдайды баяндап, ағымдағы жағдайлардан хабардар етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір