• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:34:21
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 NEWS

Мәйітханадағы кездесу...

Алайда, үшінші кездесуде қыздың жігітке деген қарым-қатынасы толықтай өзгерді

Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесеміз деп,  кейін өте қиын жағдайларға ұшыраған адамдар өмірде жиі кедеседі. Осындай жағдайлардың бірқатарын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп жазады.

Осы жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың Нелай қалашығында жас қыз әлеуметтік желі арқылы ер адаммен танысып із-түссіз жоғалып кеткен. Tinder желісі арқылы танысқан жас қыз Сидней Луф соңғы рет достарына кездесуге кетіп бара жатқанын айтып хабарлаған. Бетін әрлеп дайындалып жатқанын суретке түсіріп достарына жібeрген. Алайда дәл сол күннен кейін қыз жоғалып кетеді.

Нелай қалашығыда небәрі 1,5 мың адам  тұрғынындықтан  мұнда барлығы бір-бірін таниды екен. Кейін белгілі болғандай, қыз 23 жастағы құрбысы мен оның 51 жастағы досының үйіне барған. Күдіктілерді полиция қамауға алғанымен, олар қызға ештеңе істемегендерін айтып ақталған. Қазіргі уақытта қыздың қайда екені белгісіз.

    Осы сияқты, Флорида штатында Роберт Вудс есімді фармацевт жігіт өзінің мамандығы мен білімін пайдаланып, кездесуге келген жас қыздың ішімдігіне дәрі қосып жіберген. Ертесінде денесінен көгерген іздер мен иненің ізін көрген қыз ауруханаға барған. Өзінің алданғанын білген қыз полицияға хабарласып, нәтижесінде фармацевт айлакер ұсталған.

Тағы бір ерекше кездесу жайлы Кейли Кэпитэл есімді блогер қыз  айтады. Ол өзінің өмірінде болған бұл кездесуді  ең сұмдық кездесу дейді . Ол ер адаммен танысқан, бастапқыда олардың қарым-қатынасы жақсы өрбіген. Жас жігіт қызды киноға, кафеге алып барып, көңілін аулаған.

Алайда, үшінші кездесуде қыздың жігітке деген қарым-қатынасы толықтай өзгерген.  Саябақта қыдырған олар, кейін жігіттің жұмысына соғып кетпекші болады. Ауруханада жұмыс істеймін деп айтқан жігіт, қызды ғимараттың ең төменгі қабатына алып барған. «Бір нәрсе көрсетем» деген ол қызды тұп-тура мәйітханаға алып келген. Бөлмеге  кіріп қызға кәрі әйелдің мәйітін көрсетіп, «Бұрын-соңды мәйіт көрген ба едің?» деп сұраған.  Зәресі зәр түбіне кеткен қыздың бар ойы осы мәйітханада қалып қалмау болған екен. «Ол ақыл есі кеміс жігіт болған сияқты. Мені қорқытқысы келген. Бұл менің өмірімдегі ең сұмдық кездесу»-дейді Кейли.

Блогер қыз таныс емес адамдармен кездесу кезінде, әлеуметтік желімен танысу кезінде  жастарды мұқият болуға шақырады. Жалпы, жақсы танымайтын адамдармен жеке қалмауға тырысу керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір