• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:49:34
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2018 NEWS

Мәскеуде қайтыс болған студенттің анасы: Сенсіз қалай өмір сүремін?

Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-ші қабатындағы дәрісхананың терезесінен құлап кеткен.

Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы инстаграм парақшасында қызы Томирис Байсафа туралы жазды.

«Сенің иісің, қолың, дауысың, күлкің, хаттарың жүрегімде… Маған сенсіз қалай өмір сүру керектігін айтпадың. «Өз бақшаңды былғама» деп айтып едің. Әрдайым жаныңда боламын деп едің… Сен айттың… Барым менің. Маған дем беруші едің. Енді тынысым тарылды…» деп жазды Жанна Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-ші қабатындағы дәрісхананың терезесінен құлап кеткен.

1997 жылғы Томирис таңғы 4.00-те қайтыс болды. Тергеушілер сәуірде  аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілердің мәліметінше, қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға 13 сәуірде болды.

Томирис халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-ші курсында оқыған. Ол үзіліс кезінде терезеден құлап кеткен. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оны итеріп жіберген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір