• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:42:21
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 NEWS

Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кеткен.

Мәскеуде оқу ғимаратының жоғарғы қабаты терезесінен құлап қайтыс болған студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу әлі күнге баяу жүріп жатыр. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова өзінің Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

 «Мәскеуге барып келдік. Не дейін? Қызымның қайтыс болғанына екі ай болды. Бірақ бақылау камераларындағы жазбалар әлі күнге дейін тексерілген жоқ. Менен де жауап алмады. Қылмыстық, трасологиялық, психологиялық, лингвистикалық сараптамалар жүргізілмеді… Барлық мәселе Томиристің психикалық ахуалының айналасынан шыға алмай тұр. Оларға осылай ойлаған ұнайды.  Балаға психикалық зиян келтіргендеріңізді білесіздер ме?» – деп сұрайды. Бұл сұрақ баласынан айрылып отырған отбасы үшін қандай соққы екенін білесізде ме? Қайғыдан қан жұтып отырған маған қалай тиетінін сезесіз бе, тергеуші мырза? Томиристің бауыры, әжесі қандай жағдайда жүргенінен хабарыңыз бар ма? Оның өліміне жарты жыл бұрынғы деректердің не қатысы бар?», – деп Ахметова қызының өліміне қатысты тергеудің мән-жайын баяндап берді.

Естеріңізге сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Куәгерлер алғашында марқұмды жанында тұрған дағыстандық жігіттің итеріп жібергенін көргенін айтқанымен, тергеу кезінде сөздерінен айнып кеткен.

 

Как идёт следствие? Слетали в Москву. Что сказать? От перемены мест, итог не меняется. Что Никулинский районный следственный отдел, что следователь по особо важным делам. Прошло уже 2 месяца, до сих пор не взяты и не изучены видео с камер наблюдения, я не допрошена, не проведены криминалистическая, трасологическая, психологическая, лингвистическая экспертизы... все допросы вертятся вокруг психологического состояния Томирис. Им нравится думать только в эту сторону. Они и проводят все это, чтоб отстали, а то письмами забросали, работы блин добавили. У нас ещё спрашивают «А вы представляете какую психологическую травму мальчику нанесли». У нас это спрашивают? У семьи где ребёнка нет в живых. А вы товарищ следователь представляете как мы живём, что чувствует сестрёнка Томирис, как живет сейчас ее Бабушка, как дышу я???? Он жив, все остальное поправимо товарищ следователь. Вот скажите мне, что может сказать о Томпи сведения, переписка, полугодичной давности. Мы же люди, на нас может влиять... луна, пмс, отсутствие солнца, снег, иногда мы может быть грустными, злыми, веселыми, разными. Мы живые, и нам присущи всякие эмоции. Оттого что я пишу кому-нибудь «убью», это вовсе не значит что я возьму в руки топор и пойду убивать. А следствие нашло одну фразу, вырванную из контекста, и слепило вокруг него всю историю и следствие. Вот так идёт следствие. Обнимаю всех. #томпивечноесияние #томпизвездочка

Публикация от Жанна Ахметова (@_ahmetova_zhanna_)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір