• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:35:49
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Бас мүфтиге құттықтау хат жолдады

Жауапты лауазымды қызметте сәттілік, табыс, деніңізге саулық тілеймін», – делінген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің құттықтау хатында

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа төрағасы Серікбай қажы Оразды Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтап, арнайы жедел хат жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Сізді Бас мүфти лауазымына сайлануыңызбен құттықтаймын. Қазіргі жағдайда ислам мен православие қоғамда адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын әрдайым алға тартып, діни ұрандарды жамылған діни экстремизмге бірлесе қарсы тұруға, елдер мен халықтар арасында бейбітшілік пен достастықты нығайтуға мүдделі.

Шын ықыласыммен ҚМДБ және ҚР орыс православ шіркеуінің митрополиттік округы арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткім келеді. Бұл өзара байланыс одан әрі де дамып, адамдардың рухани адамгершілік тәрбиесіне, қоғамда бейбітшілік пен келісімнің жандануына ықпалын тигізеді деген сенімдемін.

Жауапты лауазымды қызметте сәттілік, табыс, деніңізге саулық тілеймін», – делінген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің құттықтау хатында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір