• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:15:50
Алматы
+35°

Қостанай облысында айыпталушы сот отырысына мас күйінде келген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

«Қостанай облыстық наркологиялық диспансер» мемлекеттік мекемесі науқас С-ны алты ай мерзімге алкогольден мәжбүрлеп емдеу туралы шағым түсірген. Бұл іс Қостанай қалалық сотында қаралуы тиіс болған. Алайда белгіленген сот отырысына 47 жастағы С. ішімдікке мас күйінде келген.

Сот қаулысымен облыс тұрғыны С. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, екі тәулікке қамауға алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір