• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:39:52
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Аймақтар

Мақтарал ауданының әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады

Жамантай Бейсенбаев аудандық ішкі істер басқармасына барып, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтады

Қазақстан полициясының 26 жылдығына байланысты аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев аудандық ішкі істер басқармасына барып, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтады.

"Ішкі істер органдары - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Халық сақшыларының кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел буумен ерекешеленеді. Еліміз дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығының сақталуында Сіздердің еңбектеріңіз зор. Заң бекітілген күн, яғни 23-маусым жыл сайын Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтілуде. Ендеше, ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасының ұжымын Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!" - деді Жамантай Қанайұлы.

Полиция күні мерекесінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қаза болғандарға 1 минут үнсіздік жарияланып, олардың ерліктері еске алынды. Сондай-ақ, антына адал болып, өзіне жүктелген міндетті ұқыптылықпен атқарып жүрген полиция қызметкерлері марапатталды.

Айта кетейік, соңғы 26 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында ішкі істер органдарының 850 қызметкері міндеттерін өтеу кезінде, атап айтқанда қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан. Сонымен қатар, 2320 полиция қызметкері ауыр жарақат алып, басым бөлігі мүгедек болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір