• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:01:48
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Мақсұт Жұмаев Эверестті екінші рет бағындырды

Айта кететін жәйт, қазақстандық альпинист әлемдегі биік 14 шыңның барлығын бағындырған. Ал Эверестің биіктігі 8848 метрді құрайды.

Әйгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Эверест шыңына екінші рет шықты. 

Бұл жетістігін ол Астананың 20 жылдығына арнады.

Жұмаев Эверестке алғаш рет 2007 жылы шыққан. Ол кезде альпинист шыңның солтүстік бетінен көтерілген. Ал, бұл жолы қауіпті әрі қиын саналатын оңтүстік жағынан шыққан. Бұл бағыттағы ең қауіпті жер - күніне жүз метрге дейін қозғалатын ірі мұздық Кхумбу мұз ағыны. Мақсұт Жұмаев Эверестке оңтүстігі мен солтүстігінен де көтерілген әлемдегі санаулы альпинистердің бірі.

Тарихта бұл шыңға шыққан 10 шақты ғана адам бар. Айта кететін жәйт, қазақстандық альпинисттің әлемдегі биік 14 шыңның барлығына табаны тиген. Ал Эвересттің биіктігі 8848 метрді құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір