• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:08:59
Алматы
+35°

02 Наурыз, 2018 Әлеумет

Маңғыстауда жол апатынан алты өзбекстандық тірідей жанып кеткен (видео)

Жол апаты 1 наурызда Ақтау-Бейнеу тас жолында Шетпе ауылы маңында болған.

Маңғыстау облысында Ақтау-Бейнеу тас жолындағы  жол апатында алты өзбекстандық қаза тапты. Бұл турплы Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

Жол апаты 1 наурызда Ақтау-Бейнеу тас жолында Шетпе ауылы маңында болған. Lada Largus Shacman жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп, оқиға орнында жеті адам қаза тапты, олардың алтауы Өзбекстан азаматтары.


Өзбекстан ТЖМ Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен бірге Lada Largus көлігінде болған Өзбекстан Республикасы азаматтарының кім екенін анықтады:

 Аллаяров Расулбек Кузибоевич, 23.02.1981 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы (Lada Largus жүргізушісі).

Душамов Зокир Куранбоевич, 11.04.1977 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы (жолаушы).

Рахимов Шерзод Сапарбоевич, 12.07.1980 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Шават ауданы, Гулістан қаласы (жолаушы).

Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, 27.10.1995 жылы туған – мекенжайы: Хорезм облысы, Багат ауданы (жолаушы).

Мадаминов Гайрат Розматович, 13.10.1985 жылы туған — мекенжайы: Хорезм облысы, Гурлан ауданы, Гурлан қаласы (жолаушы).

Балтаев Махмуджон Сабуржан угли, 21.09.1995 жылы туған — мекенжайы: Хорезм облысы, Янгиарык ауданы (жолаушы).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір