• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:42:23
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Аймақтар

Маңғыстау облысы 12-орыннан 2-орынға шықты

Облыста бір жылдың ішінде жаңа 12 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 27-ге жетті.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда, деп жазады Qamshy.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.

Маңғыстау

Мұнай-газ өндіруші және сервистік компаниялардың тұрақты қызметтерінің нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі жыл басындағы 96,9%-дан 100,1%-ғадейін өсті (бұл республикадағы өндіріс көлемінің 10%-ы немесе өңірлер арасында 2-көрсеткіш, өндірілген өнім көлемі 2,3 трлн. теңге). Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін артты.

2016 жылға қарағанда 17,6% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 3 мың бірлікке артып, 47 мыңға жетті.

2017 жылы Президент әкімшілігі тұңғыш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісін өткізді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 12-орыннан 2-орынға шықты.

Ауыл шаруашылығы секторында 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша бірінші көрсеткіш.

Азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі жоспарланған межеде сақталды – 106,4% (РК 106,5%. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі 106,7% (РК 107,4%).

Жыл басынан бері 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 4,9%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 5,1%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді.

2017 жылы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық (республика бойынша 3-орын).

Өткен жылы 7000 отбасы жаңа қоныстанушылар болды. Тұрғын үй алуға18 мың адам, жер алуға 166 мың адам кезекте тұр.

Жалпы алғанда барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 100% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын арнайы жобалар ерекше бақылауда. Жаңа өндірістерді орналастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.  АЭА аумағы бойынша республикада үшінші орында. Инфрақұрылымды құру үшін салынған 7 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражат өз тиімділігін көрсетті: 19 жоба іске асырылды, 95 млрд. теңге инвестиция тартылды, 260 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 23 млрд. теңге мөлшерде салық төленді. 1 323 жұмыс орны құрылды. Өткен жылы әлеуетті инвесторлармен 20-дан астам кездесу өткізілді.

Облыста бір жылдың ішінде жаңа 12 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 27-ге жетті.

Іске қосылған ірі жобалар:

 - Түпқараған ауданында жылына 650 мың тонна бөтелкедегі түйе сүтін өндеу «Ағарған» зауыты (2018 жылы жобалық қуатына толықтай енеді);

- Маңғыстау ауданында «Накхан» және Қарақия ауданында «Сенек» шаруа қожалықтарының қымыз өндеу цехтары (жалпы қуаты жылына 46 мың тонна);

- Ақтау қаласында голландиялық технологиямен жасақталған қуаты 1500 тонна көкөніс қоймасының 1-кезеңі (жалпы қуатты 3000 тонна, қазіргі таңда жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде).

Биыл тағы да 4 жобаны іске асыру жоспарланды:

- Ақтау қаласында салынатын қуаты 4250 тонна  көкөніс қоймасы (МЖӘ арқылы);  

- Қарақия (Сенек), Түпқараған (Ақшұкыр) және Мұнайлы (Басқұдық) аудандарында 2 мың тонна көкөніс өнімдерін өсіруге арналған              3 жылыжай.Қазіргі таңда өңірді өз көкөніс тауарымен қамту 10% болса, көрсетілген жобалар іске қосылған кезде бұл көрсеткішті 20%-ға дейін жеткізу мүмкіндігі бар.  2017 жылы Маңғыстау облысында 20 кооператив құрылды.       

Транспорттық инфрақұрылымның дамуына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң серпін берді. Маңғыстау облысында жаңа көліктік-логистикалық жүйе құрылды. Құрық портында паром кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. 2017 жылы теміржол паромдарымен 540 мың тонна жоспармен 1,5 миллион тонна жүк порт арқылы жөнелтілді. Автокөлік кешені толық қуатқа ие болды. Бұл жүк жөнелтуді 2,5 млн. тоннаға дейін арттырады.Қазақстан алғаш рет Азия мен Қытайдан Еуропаға тікелей шығатын жол салды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын бюджеттен 150 млрд. теңге бөлінбек. Ең алдымен олар жергілікті магистральдар желісін жөндеуге және қайта жаңартуға бағытталады. Осы мақсатқа биылғы жылдың бюджетінде 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы үшін 2017 жылға 1 110,3 млн. теңге жалпы сомасында қаражат бөлінді. Жыл ішінде осы бағдарлама шеңберінде 15,2 млрд. теңге жалпы сомасына 208 жоба қолдау тапты. Оның ішінде, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 15,1 млрд. теңге сомасына 152 жоба, кепілдендіру бойынша 101,8 млн. теңге сомасына 56 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 4036 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 1403 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Ауылдық кәсіпкерлерді қолдаудың тағы бір құралы – шағын несиелер беру. Жыл басында осы мақсатқа бюджеттен 490 млн. теңге қаржы қарастырылды. Шағын несиеге кәсіпкерлер тарапынан сұраныстың көптігі ескеріле отырып, республикалық бюджетке қосымша тағы да 1,5 млрд.теңгеге өтінім беріліп, қолдау табылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 есе көп. Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек нарығын трансформациялау мақсатында біз ішкі резервтер есебінен «ДАМУ» қорымен бірлесіп  қаржыландыру көлемі 2,7 млрд. теңге болатын «Нұр капитал» жобасын іске қостық. Жаңа жоба бойынша ауыл кәсіпкерлері 1% мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір