• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:16:20
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 NEWS

МӘМС: Жұмыс берушілер Астана тұрғындардың 50 пайызы үшін жарна аударды

Жұмыс берушілер ай сайын 532,5 мың адам, яғни елорда тұрғындарының 50 пайызы үшін жарна аударды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының  мәліметі бойынша 2018 жылдың 1-ші маусымына қарай медициналық мекемелерге 1 млн 056 мың адам тіркелді. Жұмыс берушілер ай сайын 532,5 мың адам, яғни елорда тұрғындарының 50 пайызы үшін жарна аударды.    

Соңғы 11 ай ішінде Астана қаласының тұрғындары міндетті әлеуметтік сақтандыру үшін 9 122,6 млн теңге көлемінде аударымдар жасады. Бұл соманың 7 869,4 млн теңгесі немесе 86,2% жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері, ал қалған 1253,2 млн теңге (13,8%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Астана қаласы бойынша қазіргі таңда медициналық көмек көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына 115 денсаулық сақтау ұйымы тіркелді. Оның 42 мемлекеттік және 73 жеке меншік медициналық ұйым. Биыл елордалық 79 медициналық мекеме кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі шеңберінде қызмет көрсетуге өтініш берді. Бұл мекемелермен Қор медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарт бекітті.

2018 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 917 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді, оның 318 млрд теңгесі амбулаторлық-поликлиникалық көмекке жұмсалады, ал басымдық аурудың алдын алу шараларына берілетін болады.

2018 жылдан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  мемлекеттік тапсырыс шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алатын бірыңғай қаржылық оператор болып табылады,осыған байланысты жаңа ережелер мен ақпараттық жүйелер енгізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен өтуге бағытталған шаралар.

Жалпы, Астана қаласында денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселесі жоспарлы түрде шешіліп жатыр. Медицина мекемелеріне жыл басында мәлімделген қаржыландыру көлемінің 30 пайызы аванс ретінде төленді.  Қор медициналық ұйымдарға жоспарлы төлемдерді нормативтік-құқықтық негіздерге сәйкес аударып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір