• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:27:42
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Әлеумет

Мамандар Семейдегі орманнан шыққан өрттің себебін атады

Өрттің себебін мамандар адами фактордың әсерінен болған деп болжайды.

Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, Семей маңындағы орманнан шыққан өрт адамның кесірінен болуы мүмкін. 

Орманнан шыққан ірі өрт 350 гектар жерді жалмады.

Өрт сөндіруге 300 маман жұмылдырылған. Кеше құтқарушылар өртеніп жатқан алқапқа тікұшақпен 25 тонна су сепкен. Тәулік бойы кезекпен жұмыс істеген өрт сөндірушілер кешкі сағат 19.50-де өртті ауыздықтады.

Өрттің себебін мамандар адами фактордың әсерінен болған деп болжайды.

«Мұның адамның кесірінен болғаны сөзсіз. Себебі күн енді ғана жылынып келе жатқанда өрт шығуы мүмкін емес. Негізінен өрт найзағайдың кесірінен болады, ал мұнда темекіден немесе әдейі жасалған болуы мүмкін», - деді «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры Мұрат Дәулетов.

Арнайы сараптамадан соң өрттің шығу себебі анықталады. Ал жыл басталғалы орман резерватында өрт бірінші рет болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір