• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:23:23
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Саясат

Магистральдік газ құбырының құрылысы 2018 жылы шілденің басына жоспарланды

Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету мақсатында газ тарату желілерін жобалау мен синхрондауды тездету қажет.

Мемлекеттік басшысының 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағытында «Сарыарқа» газ құбырын қаржыландыру мәселесі бойынша магистральдік газ құбырының құрылысы 2018 жылы шілденің басына жоспарланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

«2018 жылғы мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын орындау мақсатында Қызылорда, Теміртау, Астана, Қарағанды әкімшіліктері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамының қатысуымен кеңес өткізді. Менің төрағалығыммен жұмыс тобы құрылды», - деді Бозымбаев.

«Біріншіден, Қызылорда, Теміртау, Астана, Қарағанды бағытында магистральдік газ құбыры үшін жер бөлу мәселелері қаралады. Екіншіден, Жобаның схемасы мен қаржыдландыру мәселелерін анықтау қажет. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру үшін жобалық ұйымдар құрылу керек.

Магистральдік газ құбырының құрылысы 2018 жылы шілденің басына жоспарланды. Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету мақсатында газ тарату желілерін жобалау мен синхрондауды тездету қажет. Жергілікті газ тарату жүйелері кезек-кезек салынатын болады», - деді энергетика министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір