• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:25:18
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Саясат

Лукашенко ТМД елдері президенттерінің алдында шындықты жайып салды (видео)

Лукашенко  ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының қызметін сынады

Белорусь президенті Александр Лукашенко Сочидегі саммитте ТМД-ның баяу және нәтижесіз жұмыс істейтінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақапарт агенттігі. Оның ойынша, ТМД да реформа жүргізу қажет. 

«Шешім қабылдап жатырмыз, алайда оның жүзеге асуына мән бермейміз. Қабылданып жатқан шешімдер де біздің дәрежемізде емес. Жиналып алып барлығы жақсы секілді отырамыз. Шын мәнісінде, өнімділік өте төмен» деді Белорусь президенті.

Лукашенко  ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының қызметін де сынады.

«Егер ассамблея жұмысын дұрыс жүргізе алмаса оның қызметін тоқтатуға да болады емес пе?     Бұған дейін оған арнайы уәкілеттілік беруді ұсындық. Заң қабылдадық, бірақ оның бірде-бірі біздің ұлттық заңымызға сәкес келмеді» деді Лукашенко.

БАҚ-та Ресей мен Белоруссияның арасы қайта шиеленісе түскенін жарыса жазып жатыр. Лукашенко «Батыс-2017» оқытуында Путинмен бірге полигонға барудан бас тартқан. Сонымен қатар, ТМД саммитінің аясында Путин тек Лукашенкомен ғана арнайы кездеспеген.

Белоруссия президенті ТМД үшін сауда, экономика саласы маңызды екенін атап өтті. Оның ішінде еркін сауда-саттық жүргізіліп, қауіпсіздік мәселелері қаралу қажет екенін баса айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір