• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:03:22
+35°

17 Шілде, 2017 Спорт

Ледерман:«Головкинді жақсы көреміз, бірақ оның жеңетініне сенімді емеспіз»

«Біз бәріміз Головкинді жақсы көреміз, бірақ оның жеңетініне бұрынғыдағыдай сенімді емеспіз», - дейді Ледерман.

Танымал HBO телеарнасының сарапшысы әрі маманы Харольд Ледерман орта салмақта WBA,WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  мен мексикалық Сауль  Альварес арасындағы жекпе-жек туралы өз  ойын бөлісті  деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

«Бұл ерекше  жекпе-жек болады. Мен кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ осы жекпе-жек сөзсіз тамаша  болатыны анық. Менің фаворитім - Головкин, себебі ол ірі әрі тәжірибелі боксшы.Головкиннің күші көп. Бірақ ол Дэнни Джейкобспен шыққан кезде сәл әлсіздеу және қартайған болып көрінді. Уақыт өз дегенін жасайды. Сіздер өздеріңіз білесіздер. Головкин бірінші рет қиындықтарға тап болған секілді. Головкин әрдайым қорқыныш ұялатып, үрей тудыратын. Давид Лемьені, Габриэль Росадоны қалай сұлатқаны естеріңіз ме? Бірақ Джейкобспен кездесуінде  қиындықтар болды. Меніңше, бұл жас мөлшері. Бір жағынан "Канело" Чавеспен шыққан жекпе-жекте өзін жақсы көрсете алмады. Біз бәріміз Головкинді жақсы көреміз, бірақ оның жеңетініне бұрынғыдағыдай сенімді емеспіз. Головкин бізге жақын болып кетті. Егер кездесу 12 раундқа созылса, барлығы реванш сұрайтын болады. Мүмкін бұл трилогия болуы да мүмкін», - деді  Харольд Ледерман


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір