• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:07:09
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Латын әліпбиіне көшуді түсіндіру үшін блогерлерге ақша бөлінбейді

Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып, латын әліпбиі бойынша түсіндіру жұмыстарына блогерлерді жұмылдыруға қатысты көпшілікке таралған ақпарат қызметтік қателіктің салдарынан туындағанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында келесі мәселе анықталды,  «Электрондық үкімет» порталында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған іс-шаралар жоспарының мақұлданбаған жобасы жарияланған. Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері.

Сондай-ақ, Мелдешов қателік жіберген ведомство қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылатынын, ал бекітілген Жоспардың жобасы таяу күндері «Электрондық үкімет» онлайн-порталында жарияланатынын мәлім етті.

Айта кетейік, Қазақстан электронды үкіметінің сайтында 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы жариялан.

Құжатқа сәйкес, латын қарпіне көшу үш кезең бойынша өтеді:

бірінші — 2018-2020 жылдар; 

екінші — 2021-2023 жылдар; 

үшінші — 2024-2025 жылдар.

Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған. Оған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жауапты болатыны хабарланған.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір