• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:08:04
Алматы
+35°

Лас-Вегаста атыс жасаған 64 жастағы Стивен Пэддок есімді ер адам мультимиллионер болған. Бұл туралы оның ағасы Эрик Пэддок айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Fox News-тің мәліметіне сәйкес, Стивен Пэддок байлыққа жылжымайтын мүлікке инвестиция құю арқылы қол жеткізген.  

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда мультимиллионер қонақ үйдің 32-ші қабатынан адамдарды атқан. Ол уақытта фестиваль өтіп жатқан. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 58 адам көз жұмды, 515 адам жарақаттанды.

Стивен Пэддок полиция келгенше өзіне қол жұмсады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір