• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:59:40
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 NEWS

Лагерден тағы ши шықты: Тәрбиеші нарды ойнап отыра берген (видео)

Қалалық білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, ұрып-соққаны туралы фактілер ведомствоға келіп түспеген

Бұл жайында лагерге барып келген оқушылардың бірі қайтып оралғаннан кейін жедел жәрдем шақыртып, дәрігердің көмегіне жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қалалық білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, ұрып-соққаны туралы фактілер ведомствоға келіп түспеген.

15 жастағы Мейрамбек Төлегенов есімді жасөспірім лагерден келгеннен кейін жедел-жәрдем шақыртқан. Орал қалалық мектебінің 9-сыныбында оқитын 4 оқушы басқа да балалармен бірге жағы демалыс кезінде «Қайсар» лагеріне барып, 5 күн сол жерде болуды жоспарлаған. Нәтижесінде денсаулығынан айырылып келді.

«Қайсар» лагері алғашында тәртібі қиын оқушыларды түзеу мақсатында құрылған. Бүгәнде оның танымалдығы артып, балалар лагеріне айналды. Мейрамбек Төлегеновтің мектепте тәртібі жағынан еш қиындықтар болмаған, достарының арасында тату әрі беделге ие бала болған. Жыл аяқталар уақытта оның анасы Замира Қожамберлиеваға баласын әскери-патриоттық лагерге жіберуге ұсыныс білдірген.

Лагер

25 маусым күні Мейрамбек Алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімімен бірге, тағы қасында бес бала бар, алтауы лагерге қарай шыққан. Ол жерде балаларды басқа командирлер мен тәрбиешілер күтіп алған.

«Бес күн өткеннен кейін, 30 маусым күні сағат 11-лер шамасында үйге қайтып келді, түрі өте шаршаңқы болған. Басында онша мән бермеген едім, 15-20 минуттан кейін №43 мектеп оқушыларының ата-аналары хабарласып, Абайдағы полиция бөлімшесіне келуімізді айтты. Сол жерде балаларымызды құрдастары лагерде аяусыз ұрып-соққанын білдім», - дейді зардап шеккен баланың анасы.

№43 орта мектептің тағы үш баласы зәбір көрген, Мейрамбек ол балалардың 9-сынып оқушылары екенін айтыпты. Оларды қолдарымен, таяқпен көбінесе арқаларынан, дененің төменгі бөлігінен ұрып-соққан. Зәбір көрсеткен балалар оларға: «Шыдайсың ба?», «Шағымданбай жүре аласың ба?», «Сынақтан өте аласың ба?» деп айтқан екен.

«Біз полицияға арыз жаздық. Кейіннен менің баламды ұрған балалардың бірінің анасы маған келді де өзімді жала жаптың деп айыптай бастады. Әскери-патриоттық лагерде мұндай сұмдық жағдайлар орын алды дегенге сену маған да қиын түсті», - дейді Замира.

лагер

«Қайсар» лагерінің тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысы Жазира Рысказиеваның айтуынша, аталмыш оқиғаға байланысты лагер әкімшілігі мен тәрбиешілері және балалардың ата-аналары шақырылып, жиналыс болған.

«Ата-аналар лагердің жұмысын бақылауға алуды өтінді. Сонымен қатар, ұрып-соққан балаларға қатысты қандай да шара қолдану қажеттігін айтты. Тараптар бір-біріне еш наразылықтары жоқ екенін айтқан. Жиналыс болған күні мәселені шешкен болатынбыз», - деді бөлім басшысы.

Ал бұл іске қатысты зардап шеккен баланың ойы мүлдем басқаша. Анасының: «Сендерді ұрып-соққанда тәрбиешілер мен командирлер қайда болды?» деген сұрағына бала: «Олар көп уақытта тек өздерімен-өздері жүретін. Ал бізге қарау керек болған тәрбиеші күні бойы нарды ойынап отырды», - деп жауап берген.

Дереккөзі: Uralskweek.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір