• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:27:21
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Әлем

Ким Чен Ынның ұшағы Пхеньяннан Сингапурға ұшты

Трамп Ким Чен Ынның кездесуге келгендегі ниетін бір көргеннен байқайтынын айтқан.

КХДР басшысы Ким Чен Ынның ұшағы жексенбі күні Пхеньяннан Сингапурға ұшты. 

Солтүстік Корея тарапынан ресми хабар шыққан жоқ. Бұдан бұрын Ренхап агенттігі Пхеньяннан Сингапурға қарай қытайлық әуе компанияларының рейстері ұшқанын хабарлаған. Мамандардың болжамынша, ұшақтың ішінде КХДР басшысы Ким Чен Ын отыр, алайда ресми ақпарат жоқ.

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, Трамп Ким Чен Ынның кездесуге келгендегі ниетін бір көргеннен байқайтынын айтқан.

Айта кетейік, Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның алғашқы кездесуі 12 маусымда жергілікті уақытпен сағат 09.00-да Сингапурда өтеді.

Бұдан бұрын Ақ Үй мәлімдемешісі Сара Сандерс күнделікті баспасөз брифингінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның кездесуі жөнінде мәлімдеме жасады.

Кездесуге байланысты дайындықтардың ойдағыдай өтіп жатқанын білдірген Сандерс: «Президент күн сайын командасынан Солтүстік Кореяға байланысты брифнг алып отыр.  Осы аяда Трамп пен Ким арасындағы бірінші кездесу 12 маусым күні Сингапурда жергілікті уақытпен сағат 09-да басталады» деді.

Трамптың Кимнен алған хат жөніндегі бір сұраққа жауап берген Сандерс хаттың не туралы екенін айтпайтынын,  алайда хатты оқыған кезде «тура жолдары екенін көрсеткенін» білдірді.

Сандерс Корея түбегі ядролық қарудан тазаланғанға дейін Солтүстік Кореяға бағытталған санкциялардың жойылмайтынын атап көрсетті.

Қос басшының кездесудегі негізгі мақсат – жағдайды бір қалыпқа келтіру, реттеу. Халықаралық қауымдастықтың Пхеньянға қойып отырған талабы – ядролық сынақтан бас тарту.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір