• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:39:43
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2018 NEWS

Киіміне ақша жабыстырып алған жігіт: Ақша керек болса,ал... (фото)

Зырянда киіміне ақша жабыстырып алған жігіт көше ортасына шығып,жұртты таң қалдырды

Зырянда киіміне ақша жабыстырып алған жігіт көше ортасына шығып,жұртты таң қалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.  Сөйтсек ол қайырымдылық жасаудың ерекше әдісін ойлап тауыпты. Қасына «Ақша керек болса,ал» деген жазу жазып қойған оның әрекеті, өткен-кеткенді таң қалдырмай қоймады.Бұл идеяның авторы зыряндық жас кәсіпкер Юрий Токарев.Ал киімді киіп қала көшесінде тұруға ниет білдірген маркетолог маман Денис Никоркин.

–  Мен бұл идеяның іске асуын бір апта күттім. Өйткені тұрғындардың қалай қабылдайтыны өте қызық болды,-дейді ол.

Алайда киіміне ақша жапсырып,кім алса сол алсын деп тұрған жігітке ешкім жолай қоймады. Керісінше оған қызықтап қарап тұрғандар көп болды.

ШҚО қайырымдылық

– Бұл — тамаша идея. Бұл жігіт те мықты екен,ұялмай ел алдына осылай шығып,көмек ұсынып тұрған,-дейді қала студенттері Андрей Порваткин,Серік Әділханов, ДәулетЖанмурзиновтар.

Дегенмен  аздан соң бәрі өзгерді, Ең алдымен жас жігіттің киіміндегі ақшаларды балалар жұлып ала бастады. Шырқайың ауылынан келген екі жасар Арман Ринатұлы екі жүз теңгеліктің біреуін алды. Ата-анасы  ол ақшаға  тәтті алып береміз десті.

ШҚО қайырымдылық

Сөйтіп зыряндықтар акцияға ақырындап араласа бастады.  Шараның басты талабы-алынған ақшаны неге жарататыныңды айту. Зейнеткерлер дәрі-дәрмек аламыз деп,студенттер түскі асқа деп ала бастады. Ал Жастар орталығның қызметкерлері алған ақшаларын аягөз ауданына жөнелтетіндігін айтты.

– Осылайша киімге 200 теңгеден жапсырылған 20 мың теңге 45 минуттың ішінде таратылды. Айта кету керек ешкім де ашкөзденіп талап алған жоқ,тіпті саңырау азаматтың өзі келіп тек 400 теңге ғана алды,көбірек алуды ұсынған едім,жоқ осы да жетеді деп бас тартты. Тек таксистердің тәбеті жақсы екен, темекі аламыз деп бірнеше екі жүздікті жұлып алды, — дейді  ақша таратқан жігіт.

Тұрғындар тарапынан таң қаларлық қадамдар да байқалды. Өтіп бара жатқан бір жігіт  ақша алғанның орнына, жапсырып ал деп 200 теңге ұстатып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір