• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:51:40
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2017 IT

Кибершабуылдан 150 елде 200 мыңнан астам компьютер зақым көрді

Әлемде Еуропа мен Азия бойынша көптеген ұйымдар зиянды бағдарламалардың кесірінен кибер шабуылға тап болғаны туралы

Әлемде Еуропа мен Азия бойынша көптеген ұйымдар зиянды бағдарламалардың кесірінен кибер шабуылға тап болғаны туралы Қамшы ақпараттық агенттігі бұған дейін де жазған.

Europol директоры Wainwright, «Қазір бәріміз ұлғайып бара жатқан қауіппен бетпе-бет тұрмыз. Шабуылдан зардап көргендер саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Адамдар дүйсенбі күні жұмысқа барып, компьютерін ашқанда бұл цифрлар тіпті де артып кете ме деп алаңдаймын» деген. Еуропа Одағының Полицей директоры Rob Wainwright жұма күні Әлем бойынша кибершабуылдан  150 елде 200 мың компьютердің зардап көргенін, бұлардың көбі жұмыс орнындағы, кейбірі үлкен компаниялардың компьютерлері екенін мәлімдеген. Ағылшынның ITV арнасына сөйлеген ол «шабуылдың бұған дейінгі кибер қылмыстарға теңдессіз екенін, «ransomware» атты сатып алу программасы мен «warm» атты құрт типті компьютер вирустарының бірігуі арқылы жасалғанын айтқан.

Белгілі болғандай, Вирус сандық ақша жүйесі Bitcoin арқылы қаржы төлеуге бопсалайды.  Алайда, бұлай құрбандық бергендер саны өте аз. Вирус құрпандары тек 42 мың доллар ғана төлеген. Сондай-ақ  «WannaCry» вирусын таратқан кибершабуылды кімнің жасағаны да әлі белгісіз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір