• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:19:04
+35°

05 Қаңтар, 2018 Әлем

КХДР мен Оңтүстік Корея келіссөздер жүргізеді

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, екі ел өкілдерінің кездесуі 9 қаңтарда қала сыртындағы Пханмунджом ауылында өтеді.

КХДР Оңтүстік Кореямен жоғарғы дәрежедегі келіссөздер жүргізуге келісті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, екі ел өкілдерінің кездесуі 9 қаңтарда қала сыртындағы Пханмунджом ауылында өтеді.

Осы аптада тараптар 3 қарашада қалпына келтірілген арнайы байланыс желісі бойынша диалогты жаңартты. Келіссөздерді бастау туралы бұйрықты Ким Чен Ын берген. Екі мемлекет бұған дейін телефон арқылы екі мәрте сөйлескен – 3 және 4 қаңтар. Келіссөздерде талқыланатын мәселелер жарияланбады.

Бұрындары Оңтүстік Корея «ыстық желі» арқылы диалог бастауға тырысқан, алайда нәтижесі оң болмады. Өз кезегінде КХДР жаңажылдық сөзінде Пхеньянның келіссөздер жүргізуге және Олимпиадаға қатысуға қарсы емес екендігін жеткізген.

ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев КХДР мен Корея Республикасы арасындағы жағдайға байланысты пікір білдірген.

«Екі ел арасындағы байланыс желісінің қалпына келуі түбектегі жағдайдың дамуының жақсы беталысын көрсетеді. Мазасыздық бәсеңдейді деген де үміт бар. ХОК КХДР споршыларының Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға баруына қолдау білдірді, бұл дұрыс шешім»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір