• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:39:43
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 Әлеумет

КХДР-дан қашып кеткен жастар: Не үшін кетті? Нені сағынады?

Солтүстік Корея халқы заңсыз кино мен теледидар көретінін білдіңіз бе?

Солтүстік Кореядан қашып кеткен 2 жігіт пен 2 қыз не үшін елден кеткенін және қазір нені сағынатынын BBC журналистеріне айтып берді. Қауіпсіздік үшін жастардың есімдері аталмайды.   

Солтүстік Кореядан не үшін қашып кеттіңіз?

1-ші жігіт: Әр аптаның соңында бізде «сын сағаты» өтетін. Ол уақытта бізге өз тәртібіміз жөнінде ойланып, өзгелердің әрекетін баяндауға мәжбүрлейтін. Қазір апталық "сын сағатына" бармайтыныма өте қуаныштымын.

1-ші қыз: КХДР-дың басшылары қайтыс болса барлығымыз құрдымға кетеміз деп ойладым.

Нені сағынасыз?

1-ші жігіт: Солтүстік Кореяның тамағын. Достарымды.

1-ші қыз: Туған жерімде дайындайтын тағамды, ата-анаммен бірге ойнаған көшелерді сағынамын.

2-ші қыз: Мен жақын дос тапқым келеді, бірақ әлі күнге дейін ондай жанды кездестірмедім. Сондықтан достарымды қатты сағынамын.

Солтүстік Корея халқы заңсыз кино мен теледидар көретінін білдіңіз бе?

2-ші қыз: Мен Оңтүстік Кореяның телеарналарын көріп өстім және радионы көп тыңдадым. Оңтүстік кореялық әншілерді тыңдай бергім келетін. Біз достарымызбен жиналып дәл солай ән айтуға тырысатынбыз. Мен Оңтүстік Кореяға баруды армандадым.  

2-ші жігіт: Мен «Титаникті» көрген емеспін. Достарым оның керемет фильм екенін айтады. Мен көбіне Үндсітан мен АҚШ-тың фильмдерін көрдім. Үндістан киноларында барлығы ән айтып, би билеп жүргенде оларға қызыға да қызғана қарайтынмын.

Адамдарға Солтүстік Корея туралы не айтқыңыз келеді?

2-ші қыз: Жүрек пен сезім әр адамда бар. Адамдардың бізді кемсітпеуін, бізді тең дәрежеде қабылдағанын қалаймын.

1-ші жігіт: Денеміз тоңса қалың киім киеміз. Ал жүрегімізге жылу қажет болса махаббатқа мұқтажбыз.

2-ші жігіт: Еркіндік...Солтүстік Корея халқы еркіндікті қалайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір