• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:58:57
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Саясат

КХДР азаматтары өз отандарынан Оңтүстік Кореяға қашпайтын болды

Соңғы 15 жылда Солтүстік Кореядан оңтүстікке қашқандардың саны 31 мыңға жеткен

2017 жылы КХДР-ден Оңтүстік Кореяға 1127 адам қашып келген. Орташа есеппен бір айда 100 шақты адам. Мұндай мәліметтерді The Korea Herald оңтүстік кореялық министрлік бірлестігі ұсынған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 21 пайызға аз. Ведомствода бұл Қытай мен КХДР шекараларындағы бақылау күшейгеннен кейінгі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш екенін айтқан. 1948 жылдан бері КХДР-ден оңтүстікке 31 мың солтүстік кореялық азамат қашып келген.  2009 жылы қашқындар  шекараны өтіп өз отандарын тастау жөнінен  белсенділік танытқан.  Сол жылы барлығы 2914 азамат Оңтүстік Кореяға аттанған.

Қазіргі уақытта Солтүстік Корея өз шекарасын қатал бақылауда ұстайды. Қашпақ болған солдаттар, азаматтар сол жерде өлтіріліп тасталуы мүмкін. Көрсеткіштің төмендеуі осыған байланысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір