• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:30:57
Алматы
+35°

26 Қазан, 2017 Фото-баян

Кубалықтар үшін WI-FI мен отбасы бір ұғым... (фото)

Бұрындары арал тұрғындарының жартысы ғана желіге шығатын мүмкіндігі болды, оның өзі ғалымдар мен журналистер еді.

Кеш батып, күн салқындаған уақытта Кубаның демалыс орындары қолдарына телефон ұстаған адамдарға көбейеді. Бұл уақыт – тұрғындардың алыстағы туыстарымен немесе достарымен видео-чат арқылы араласа бастайтын уақыт.

Куба

Өткен жылғы статистика бойынша Кубаның 11 миллион тұрғыны желіге шыққан.

Куба

54 жастағы Марибел Соса жастық шақтарында Флоридадағы ағасымен сөйлесу үшін телефон аппаратында түні бойы кезекте тұратын күндерін еске алып, бүгінгі күні көп дүниенің өзгергенін айтады. Суретте әйел өз қызымен АҚШ-тағы жақын туыстарымен видео-чат арқылы сөйлесіп тұр.

КУБА

Кубалықтар ғаламторды көбіне туыстарымен және достарымен араласу үшін пайдаланды. Бағаның төмендеуіне қарамастан, бір сағаттық тариф 1,50 доллар тұрады, ол жарты айлықтың 5%-ын құрайды.

Куба

Бұрындары арал тұрғындарының жартысы ғана желіге шығатын мүмкіндігі болды, оның өзі ғалымдар мен журналистер еді.

Куба

Мемлекеттік провайдер тәжірибе ретінде Гавандағы 100-ге жуық үйді желіге қосқан еді.

Куба

Аралдың әр бұрышынан телефон хабарламасының даусы шығып тұрады.  Кубаның қалыпты өмірі  – осындай.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір