• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:37:07
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Кубада парламент сайлауы өтеді

Конституцияға сәйкес, парламент және 15 провинцияның өзін-өзі басқару органдары бес жылда бір рет жаңартылып отырады.

Бүгін Кубада Халықтық үкіметтің Ұлттық ассамбеясына (бір палаталы) сайлау өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ал сәуірде парламент депутаттары жаңа шақырылымға жиналып, өз қатарынан  86 жастағы мемлекет басшысы Рауль Кастроның мұрагерін сайлайды.

Рауль Кастро 2008 жылдан бері Мемкеңестің және Куба министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымын атқарып келеді.

Ол бұл қызметте өзінің ағасы Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның (1926-2016) орнын алмастырды. Рауль Кастроның орнына Мемкеңестің және Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Мигель Диас-Канель бірден бір мұрагер  саналып отыр. Куба халқы жексенбіде Ұлттық ассамблеяның 605 депутатын, сондай-ақ  халықтық үкіметтің 1,2 мың провинциальдық ассамблея делегаттарын сайлайды.

Конституцияға сәйкес, парламент және 15 провинцияның өзін-өзі басқару органдары бес жылда бір рет жаңартылып отырады. Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылады. Дауыс беру дүйсенбіде18:00-де аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір