• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:01:09
+35°

13 Қараша, 2017 NEWS

Куәгерлер лайк үшін өрт сөндірушілерге хабарласпай, өртті видеоға түсірген

Ресейдің Анадырь қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен зардап шегушілер қатарында 4 пен 14 жас аралығындағы балалар бар.

Ресейдің Анадырь қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен зардап шеккендер қатарында 4 пен 14 жас аралығындағы балалар бар,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме бере отырып жазады.  Төтенше жағдайлар қызметі «егер куәгерлер дер кезінде өрт сөндірушілерге қоңырау шалғанда қайғылы жағдайдың алдын алуға болушы еді»,-дейді.

Куәгерлер төрт қабатты тұрғын үйдегі өртті бірінші фотоға, сосын видеоға түсіріп, интернетке жариялаған. Жеті адам зардап шеккеннен кейін ғана олар өрт сөндіруші қызметке хабарласқан.

РФ-ң Чукотск аймағы бойынша төтенше жағдайлар қызметі:

- Барынша тез қимылдағанның өзінде, дер кезінде хабарласқанда, оқиғаны қайғылы жағдайға жеткізбей, адамдарды құтқарып қалуға болар еді,-деп мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір