• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:39:35
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

КҮЙЕУ ТАБАҚ

Күйеу табақ – қазақ күйеу баланы да ата жолымен, ақ дастарқанымен орнына қарай күте білген ғой. Қазақтың жолын, салтын білетін  күйеулер қайын...

Күйеу табақ – қазақ күйеу баланы да ата жолымен, ақ дастарқанымен орнына қарай күте білген ғой. Қазақтың жолын, салтын білетін  күйеулер қайын жұртына келгенде әдепті, тәртіпті, ибалы жолды болып отырады. Төрге шықпайды, қайын ата, қайын енесінің бас жағына, оң жағына жоғары  шығып отармайды, төсегіне шықпайды. Күйеудің жақсы-жағымды қасиетіне риза болған қайын жұрты «пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деп күйеуге ақсарбас қой сояды да, «күйеу табақ» тартады. Күйеу табаққа асық жілік, төс, ортан жілік, сүбе қабырға, арқа, белдеме, қарын, тоқ ішек салады. Мұны қазақ кәдесінде «күйеу табақ» деп атайды, ата қазақта тағы да «күйеу күл астынан» деген тәмсіл бар. Оны кейде «күйеу гүл астынан» деп те еркелетіп қояды. Мейлі күл, мейлі гүл астынан шығарсын, бәрібір күйеу жолы басқа от астынан ойнап шықсын, гүл астынан жайнап шықсын, қайын жұрты үшін қашанда күйеу қадірлі болмақ, ыстық болмақ. «Күйеу табақ» деген сыйлы сыбаға да соны толық айғақтмақ, дәлелдемек.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір