• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:37:23
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 IT

«Кселл» SIM-карталарды басқару платформасын іске қосқалы отыр

«Кселл» колл-орталығына келетін қоңыраулардың 40 мыңға жуығын немесе 60%-ын роботтар қарастырады.

«Кселл» колл-орталығына келетін қоңыраулардың 40 мыңға жуығын немесе 60%-ын роботтар қарастырады. Бұл канал арқылы көрсетілетін сервис деңгейі 40%-ға артты, ал клиенттің мәселесін алғашқы қоңыраудан-ақ шешу көрсеткіші 50% болды. Бұған қоса, компанияның кейбір өнімдерін роботтар сата бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тіпті, мұндай сауданың көлемі арнайы бөлім атқаратын жұмысқа пара-пар.

2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Кселл» бизнес-өнімдер портфелінде IT мен digital бизнес-шешімдердің үлесі 54 пайыз болды. Олардың арасында «Kcell Бұлт», «IT-инфрақұрылым», Big Data негізіндегі мобильді маркетинг өнімдерінің желісі және Заттар интернеті (IoT) базасындағы шешімдер бар.

Биыл компания digital-қызметтерді дамытуды ең жоғарғы басымдық ретінде қарастыруды жалғастырады. Жақын арада М2М-қызметтер провайдерлеріне уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін SIM-карталарды басқару платформасы іске қосылады. Сонымен бірге компания Заттар интернеті (IoT) саласында жаңа шешімдерді нарыққа шығаруды және Big Data базасында қызметтер портфелін айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір