• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:07:31
Алматы
+35°

23 Маусым, 2018 Саясат

Корей соғысы ажыратқан туысқандар қайта қауышады

Пхеньян мен Сеул өкілдері корей соғысы ажыратқан отбасылар тамызда жүздесетін болып шешілді.

Ресми Пхеньян мен Сеул өкілдері жұма күні Қызыл Крест желісі бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды 24.kz.

Енді 1950-1953 жылдардағы корей соғысы ажыратқан отбасылар тамызда жүздесетін болып шешілді. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады. Жалпы, бұл мәселе Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сәуірдегі саммиті барысында талқыланып, сең қозғалған болатын.

Айта кетейік, екі ел арасындағы салқын қарым-қатынасқа байланысты туыстарынан қол үзіп қалған азаматтарды жақындарымен қайта қауыштыру 1980 жылдардың басынан бері жүргізіліп келеді. Мұндай соңғы кездесу 2015 жылдың қазан айында өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір