• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 07:29:44
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Спорт

Көптен күткен реванш: GGG-Канело жекпе-жегі мамырда болмайды

GBP промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес кездесудің одан ерте өтуі ықтимал екенін де айтты

Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жұмыстарымен айналысатын Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшының орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесудің келіссөздері қалай өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы BoxingInsider.com порталы мәлімдеді. 

Оның айтуынша, екі боксшы арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссөздер келер жылдың басында басталады екен. Сонымен қатар Де Ла Хойя жекпе-жектің қашан өтетінін де айтты, деп жазады Vesti.kz сайты. 

"Екі боксшы да бұл жекпе-жекті ұйымдастырғысы келеді. "Канело" да Головкин де бірінші кездесуінде өздерінің барлық мүмкіндіктерін толық көрсете алмады. Кездесу Мексикалық ұлттық мейрамы Синко де Майа күні өтуі мүмкін. Немесе қыркүйек айында. "Канело" маған кездесуді өткізуге ыңғайлы күн мен жерді табуды тапсырды", - дейді Де Ла Хойя. 

Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің 2018 жылдың 5 мамырында, Синко де Майо мерекесі (1862 жылы 5 мамырда мексикалықтардың Пуэбла түбегінде жеңісіне орай белгіленген мереке) күні өтуі ықтимал екені белгілі болды. 

Бірақ GBP промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес кездесудің одан ерте өтуі ықтимал екенін де айтты. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы мен мексикалық боксшы арасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір