• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:30:02
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Әлем

Көпшілік біле бермейтін әскери қарулар

Төртіншісі – Оңтүстік Кореяға тиесілі танк. Тактың атауы – K2 Black panther. 2000 жылдары матамен жабылған, биік машиналар прессаның назарына іліккен болатын

Әлемдегі көпшілікке беймәлім болып келген төрт әскери қарудың тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады. 

Біріншісі – Қытай жасап шығарған  Сhengdu J-20 атқыш ұшақ. Бұл ұшақты жасау жұмыстары 1990 жылдың соңында басталды, биліктегілер ресми түрде бұл жұмысты 2009 жылы бекітті. Ал бұл ұшақтың  суреті ең алғаш рет 2010  жылы жарияланды. Ал ресми суреттері 2011 жылы тарала бастады. Ал ұшақ көпшілікке 2016 жылдың қарашасында таныстырылды. Ал қаруландыру 2017 жылдың басында жасалды.

Екіншісі —  Ресейдікі. Суасты атомды қайық ұшқышсыз қозғалады. Атауы – «Статус-6». 2015 жылы қарашада РФ Қорғаныс министрлігі қайықты  ел президентіне таныстырды. Ал Путин 2018 жылдың наурызында ұшқышсыз қайықты ресми түрде бекітті. Кейіннен ол «Посейдон» деген атауға ие болды.

Үшіншісі АҚШ-қа тиесілі. Екі корпусты қайық Sea Shadow деп аталады. Бұл қайықты АҚШ-тың теңіз әскери күшіне арнап Lockeed Martin компаниясы 1985 жылы жасап шығарды. Ал әскери теңіз көлігі көпшілікке 1993 жылы танылды. Алайда ол уақытқа дейін білі жарым суреті тарап үлгерген еді. Бұл қайық стелс-технологияны қолданады, яғни түрлі түске ауысу арқылы әскери көлікті назардан жасыруға мүмкіндік береді. 1985 жылы құрастырылыған кеме 2012 жылы қайта жөндеуден өтті.

Төртіншісі – Оңтүстік  Кореяға тиесілі танк. Тактың атауы – K2 Black panther. 2000 жылдары матамен жабылған, биік машиналар прессаның назарына іліккен болатын. Ал 2007 жылы ресми түрде Оңтүстік Кореяның әскери күшінің қатарын толықтырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір