• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:14:23
Алматы
+35°

07 Қазан, 2018 Әлем

Конор-Хабиб жекпе-жегі: UFC белдігі иесіз қалды (видео)

Бүгін әлем жанкүйерлері тағатсыздана күткен дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов пен Конор МакГрегордың жекпе-жегі өтті

Бүгін әлем жанкүйерлері тағатсыздана күткен дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов пен Конор МакГрегордың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жекпе-жекті        «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетті. Ғасыр жекпе-жегінде Конор МакГрегор Хабиб Нұрмағамедовке есе жіберді. 

Алғашқы раундттың өзін эмоциясыз қарау мүмкін болмады. Екі спортшы да жақсы қорғана білді. Алғашқы раундта Хабибтің соққысына қарағанда Конордың соққысы басымырақ болды. Екінші раундта Хабиб күтпеген жерден өзінің жойқын соққысын жасады. Мүндай жойқын соққыны жанкүйерлер де, Конор да күтпеген еді. Екінші раундта Хабиб өз уәдесін орындағандай болды. Себебі бұл Конор үшін ең ұзақ раунд болды.  Хабиб Нұрмағамедов екінші раундта 50-ден аса соққы жасап үлгерді. Үшінші раундта екі спортшы да ара қашықтыққа мән беріп, қорғанысты күшейтті. Конор сол қолымен соққы жасағысы келді. Алайда Хабиб Конорға мүмкіндік бермеді. Жанкүйерлер бұл жекпе-жектің 3 раундта нокаутпен аяқталуын күткен еді. Төртінші жекпе-жекте Хабиб Нұрмагамедов те, Конор МакГрегор да шаршай бастады. Хабиб Нұрмагамедов төртінші раундта Конорды қылғындырып жеңіске жетті. Алайда МакГрегордың жанкүйерлері шу шығарғандықтан ұйымдастырушылар Хабибке UFC белдігін табыстамады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Алхьамду лиЛлах1 Алхьамду ЛиЛлах1??❤️??

Публикация от Mushab Yusupov (@mushab1998)

Дағыстандық спортшы осыған дейін 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2015-2017 жылдар аралығында 24 жекпе-жек өткізіп, 21-інде жеңіске жеткен. Хабиб Нұрмагамедов 2014 жылы Конор МакГрегордың жекпе-жегіне тәнті болып, жанкүйері болғанын айта кету керек. Алайда жеңіл салмақтағы чемпион пен оның кумирінің арасында дау туындайды. Даудың басы Хабибтің әзілінен басталған секілді. Былтыр Конор өзінің әйелі аяғы ауыр болғасын, 1 жылдық демалыс алады. Сол кезде Хабиб «Конордың әйелі емес, өзі жүкті болып қалған сияқты. Қысқасы, Конор декретте» деп оның шамына тиетін мәлімдеме жасады. Кейін бұл сөзді естіп ашуланған Конор МакГрегор Хабибтің әкесін балағаттайды. Бұл дау төбелеске ұласа жаздап, бүгінгі жекпе-жектің көрермендердің қызығушылығын одан сайын арттырмаса кеміткен жоқ. 

Бүгінгі кездесуден бұрын Хабиб пен Конор Макгрегор қатысқан 2 мәрте пресс-конференция өткен болатын. Алғашқы пресс-конференция  кезінде Конор өзінің италияндық вискиін алып келіп, Хабибке ұсынған. Алайда Хабиб өзін сабырлы ұстап "мен ішпеймін", - деп жауап берді. 

Конор Макгрегор Хабибті оңай жеңетінін айтып, өзінің жанкүйерлеріне бұл жекпе-жектен кейін Хабиб ауруханадан бір-ақ шығады деп уәде берген болатын. Ал Хабиб өз кезегінде Конорға бұл жекпе-жектің ұзаққа созылатынын айтып, өзін ұнатпаған шетелдік жанкүйерлерге "әлі-ақ мені мойындайтын боласыңдар", -деп уәде берді. 

Ал екінші пресс-конференция кезінде МакГрегор кешігіп келді. Конор мұны әдейі істеді ме әлде шынымен кептелістің себебінен кешікті ме белгісіз. Хабиб болса Конор МакГрегордың бұл іс-әрекетін жанкүйерлерді, журналистерді сыйламағандық деп бағалады. Кейін журналистер қойған сауалдарға жауап беріп, пресс-конференциядан кетіп қалды. 

МакГрегор жекпе-жек кезінде Хабибтің өлігі ғана шығатынын айтқан болатын. 2015-2017 жылдар аралығында қарсылас шақ келтірмей жүрген еді. Кейін ережесіз жекпе-жектен кетіп, кәсіпқой боксшы Майвезермен қолғап түйістірген болатын. Майвезерді менсінбеген МакГрегор бұл жекпе-жекте қарсыласына есе жіберген болатын. 

Хабиб Нұрмағамедов өзінің сұқбаттарының бірінде Конор МакГрегордың ішімдік ішетінін сынаған болатын. Ол "Конор ішімдікке құмар. Жекпе-жеккезінде маған қалай қарсы тұрайын деп тұр онысын түсінбедім. Мен оны бағаламай тұрған жоқпын. Ол сол қолымне жойқын соққы жасайды. Мен оны білемін. Алайда ол шаршаған сәтте беріле салады. Ал осыған дейін болған жайттар туралы жекпе-жек кезінде жақсылап сөйлесетін боламыз",- деген болатын.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір