• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:58
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Спорт

Патриоттық әндерімен халықтың жүрегінен орын алған әнші Ибрагим Ескендір енді былғары қолғапты бәсекеде бақ сынайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпқой спортта бақ сынауға бүгін жолға шыққан Ибрагим Ескендір qamshy.kz-ке эксклюзивті пікірін білдірді:

«Бокспен 2001-2007 аралығында КСРО чемпионы, советтік мектепті мықты меңгерген Аманжол Бақаев деген ағаның қолында жаттыққанмын. Сол кісінің шәкіртімін, қолында жаттығып жүріп Спорт шеберінен үміткер болдым. 2007 жылы қолымнан жарақат алып қалдым, әрі ата-анам қарсы болған соң бокстан алыстау кетіп, ары қарай білім қуып, өнер жарыстырып кеттік.    

Өнерде туымызды желбіреттік, енді спортта туымызды желбіретсек деген іште бір арман қалған еді. Алла бұйрса 9 желтоқсан күні Мәскеуде кәсіби спорт кеші болады.  Онда мен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімді өткізбекпін. Дебьютті жарысымда қарсыласым MMA-дан әлем чемпионы Шерғаз Шақтанов деген қырғыз боксшысы. Жақында боксқа ауысқан оның да бірінші жепе-жегі. Сол жере еліміздің намысын қорғайтын боламыз. Біз қазақ балалары батыр елдің ұрпағымыз ғой, бізде намыс бар, рух бар. Бір сөзбен айтқанда 1,5 миллиард қытайдан шықпаған әлем чемпиондары қазақтан шықты. Үлгі тұтар ағаларымыздың, бауырларымыздың жолымен Қазақтың туын шаршы алаңда желбіретсем деген үмітім бар. Сол ниетпен жолға шығып отырмыз.

Менің бокстан көрінуім өнерден кетті деген сөз емес, саяси қызметімнен кетті деген сөз емес, Еуразия ұлттық университетінде қазір доктарантурада оқып жүрмін, ғылымнан кетті деген сөз емес. Қазақтың балалары жан-жақты болуы керек. Бәріміздің илейтін пұшпағымыз біреу, қазақтың балалары ұлтының намысын қай жерде болса да қорғауы керек, - дейді өзі айтқандай саясатпен де айналысып жүрген танымал әнші.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір