• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:56:17
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 NEWS

Көкшетауда аймақтық ақындар айтысы өтті

Іс-шара жас ақындардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету мақсатында өткізілді

Көкшетау қаласында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айтысқа Көкшетау, Астана, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларының жас ақындары қатысып, ел алдында бақ сынаған.

Іс-шара «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ халқының ауызекі өнерін дамыта отыра, жаңа суырып салма ақындарды анықтау, жас ақындардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Айта кеткен жөн, ақындар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» бағыттары, ұлттық код, ұлттық мәдениет, «100 жаңа есім» мәселелерін қозғап, ел үшін еңбек еткен тарихи тұлғалардың өмірі мен ерліктері жайлы тақырыптарды ортаға салды.

Мәдени шараның демеушілері «АП-Импекс» ЖШС-ның директоры Жұмабай Амиржанов пен «Зеленстрой» ЖШС-ның директоры Геннадий Осиненко. Ал жүргізушісі – белгілі айтыскер-ақын Арман Бердалин болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Қарағанды қаласынан Ботакөз Мұхиден алса, І орын Петропавлдан келген Мақсат Серікке тиесілі болды. Ал ІІ орынды ақтөбелік Нартай Тілеуқұл мен көкшетаулық айтыскер Мұхамед Қонқаев еншілеген. Қостанайлық Нұрсұлтан Қасым мен қызылордалық Төрехан Совет ІІІ орынды өзара бөлісіп алған.

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласынан Нұрислам Әбділ мен елордадан келген ақын Ардакерей Кәп алғыс хаттармен марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір