• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:12:30
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Спорт

Көкшетауда 74 жастағы қария кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Көкшетаулық 74 жастағы қария Борис Нұғыманов кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды.

Көкшетаулық 74 жастағы қария Борис Нұғыманов кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Корей елінің Сеул қаласында кір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 34 елден келген 500-ден астам атлет қатысты.

Олардың арасында көкшетаулық спортшылар абыройлы өнер көрсетті. 70-74 жастағы қариялар арасында сынға түскен Борис Нұғыманов жұлқа және сілке көтеру әдістері бойынша әлем чемпионы атанды.

«Бұл әдістер бойынша кір тасын көтеру өте қиын. Кеуде, қол бұлшық еттеріне салмақ түседі», - дейді Б.Нұғыманов. Сонымен қатар, ардагер қоссайыс бойынша екінші орынан көрінді. Қария кір тасын көтеруден басқа ағымдағы жылы зілтемірді жатып көтеру бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Енді келер жылдың мамыр айында Будапешт қаласында өтетін Еуропа чемпионатында дайындықты бастап кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір