• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:59:19
+35°

17 Ақпан, 2018 Аймақтар

Көк-Төбеде суретке түсуге тыйым салынғаны рас па?

Көк-Төбеде суретке түсуге тыйым салынды. Бұл туралы фотограф Максим Золотухин өзінің Facebook парақшасында жазды.

Көк-Төбеде суретке түсуге тыйым салынды. Бұл туралы фотограф Максим Золотухин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгін таңертең бір-екі сурет түсіру үшін Көк-Төбеге көтерілдім. Алайда мені жолдан күзетшілер тоқтатып, террорлық қаупі бар болғандықтан маған фотоаппаратпен жүруге рұқсат бермейтіндіктерін айтты. Бірақ, кез келген мәселеден шығудың жолы бар. Оларға 35 мың теңге беріп, фотоаппаратымды көтеріп, серуенімді жалғастырдым. Төленген 35 мың теңге суреттердің террористтер қолына түспеуіне кепілдік бере алатындай», деп жазды ол.

Фотографтың «неліктен ақша төлеуім керек? Мен Қайрат Нұртасқа немесе тойға арнап видео жазба түсіріп жатқан жоқпын ғой» деген қарсылығына күзетшілер ішкі тапсырмаға сәйкес «фото-видео түсірудің сағатына 35 мың теңге» деп бекітілген қағазды ұсынған.

Ақы төлеудің негізгі себепкері – фотоаппарат болған. Фотографқа Көк-Төбеге келген шетелдіктер де фотоаппаратпен жүруге тыйым салынғанды айтылған. Аталмыш жағдайдан кейін Максим Алматы туризм басшылығына деген ренішін жасыра алмады. Ол «мен барған ешбір елде суретке түсіруге тыйым салмаған» деп реніш білдірді.

Осы жазбадан кейін Максим Золотухин әлеуметтік желідегі өз парақшасында Көк-Төбе әкімшілігінен аталмыш мәселеге байланысты жауап келгендігін айтты. Олар фотографтан кешірім сұрап, күзетшілердің хабарламаны дұрыс айтпағанын жеткізген. Көк-Төбе әкімшілігі: "Суретті қала тұрғындары, кәсіби фотографтар және туристер тегін түсіре алады. Осындай жағдай қайталана қалса,бізге хабар беріңіз" деп жазған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір