• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:45:27
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Әдебиет

Кіші жүзге таңба мен ұран неге берілмеді?

,илердің шешімімен Ұлы Жүз бен Орта Жүзге таңба мен ұран беріледі де, Кіші Жүзге берілмейді.

          Сарырқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы Шыңғыстау, оның ең биік құзы Мұңал шыңы деп аталады. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында. Қазақ шежіресі бұл таудың атауы әйгілі Шыңғыс ханның құрметіне қойылғанын айтады. 1206 жылы Темір  ханды қазақтың он екі биі Қазтаудың басына ақ киізге көтеріп алып шығып, Темірдің де, оның хан деген лауазымын да, таудың да аттарын өзгертіп  Темірді Шыңғыс, хан деген лауазымын Ұлы хан (Қаған), сол сияқты таудың да атын Шыңғыстау деп өзгертіп, осы таудың ең биік шыңын Шыңғыс ханның аталарының құрметіне Мұңал шыңы деп атаған болатын. Және осы жиында билердің шешімімен Ұлы Жүз бен Орта Жүзге таңба мен ұран беріледі де, Кіші Жүзге берілмейді.

          Әсем әннің қайырмасы сияқты тарихи қайталаулар, кейде уақытты нақтылауда қиындық келтіргенімен, даму сабақтастығын, рух пен сананың озалғы шығу тегінің тұтастығын, тектес ойлау үрдісінің бірлігін көрсетеді, деп жазады М.М.Ақмырзаев, өзінің «Адай уезінің жазба мұралары» (Алматы. 2006) атты еңбегінде: «...Маңғыстау ғана емес Тұран кеңістігін Түркі Мандары-Түркі ұлдарының «Қырық жылда қазан, елу жылда ел жаңарған» сайын түрлі тайпалық одақтарға қайта біріге отырып мекендегеніне де ықылым заман өтті. Ұлт тірлігі алуан түрлі ұлыс пен мемлекет құрамында болған кездерден жеткен ескерткіштердегі таңбаларды алғаш хатқа түсірген Махмұд Қашқари [11/85]. Ол уақыт күні кешегі 1072-1074 жылдар. Бірақ сол кезде олардың қанша жас жасап жеткені белгісіз. 200 жылдан соң Рашид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарихында» (1298-1317), Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и- рашидиінде» (1499-1551), Қадырғали Жалаиридің «Жамиғ ат-тауарихы», яғни шежірелер жинағында (1541-1602) дамытыла қайталанып отырған осы таңбалардың әрбір авторда айтылуы алуан түрлі әпсанаға айналса да, сол таңбалар Маңғыстау даласында сол күйінде, және қаймағы бұзылмаған алғашқы Махмұд Қашқари хатқа түсірген 22+2 санынан әлдеқайда артық мөлшерімен сақталған. Қадырғали өз еңбегін 1602 жылы Рашид-ад-диннің еңбегі негізінде жазылған тарих десе [12/4], Әбілғазы баһадүр-ханның «Түрік шежіресі» 6 ғасырдан кейін (1663-1664) жазылып, онда автор «сол Рашид-ад-дин тарихы қазір мен пақырдың алдында жатыр», -дейді [13/30]. Алғашқы нұсқадағы Оғызхан дәулеті дәуірлеген уақыт туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы «шайқас кезінде Қара-ханға жебе тиіп өлді, оның орнына Оғыз-хан хан болып отырды. Мұсылман жылнамаларының хабарына қарағанда бұл христос туғанынан 3400 жыл бұрын болған. Оғыз-хан аса айбарлы хан болды, көптеген жер мен елдерді жаулап алды. Оғыз ханның даңқы туралы барлық шежірелік хроника хабарлаған. Олардың кейбірі жоғарыда аты аталған хан Мүде немесе Мете атақты Оғыз-ханның өзі деп айғақ береді, бірақ олардың ел билеген жылдары сәйкес келмейді». [14/87-88], деген пікір айтады. Шындығында да, тарихи жылнамаларда б.з.б. 300-174 жж. ендігі Тынық мұхиттан Каспийге (Хазар), бойлығы – Кашмирден Ібір-Сібірге дейінгі жерге қожалық етіп, қаһары әлемді тітіреткен Түркінің алтын діңгегіне Мете хан Тұманханұлы 35 жыл билік жүргізген кезде (б.з.б. 209-174 жж) әділет орнап, білім мен мәдениет жедел өркендеген. Ол Мысырды жеңіп, қосып алып, елге оралған соң 40 күн тойын, 30 күн ойын жасап, 6 ұлынан тараған 24 немересіне қарамағындағы елдерді бөліп береді, әрқайсысына жеке таңба, ұран, құс пен несібе үлестіреді. Тарихи санаға сінген деректі – биліктің өзіне сіңіре қайталауы тіршілік жалғастығының бір белгісі. Мысалы дәл осы оқиға Шыңғысхан (Күнхан, Тәуке хан) туралы әпсаналарда да қайта жаңғыртылып айтылады. Сондай қазақ елінің мал-жаны дүреген кезеңнің бір дерегі: 1867 жылғы Казанцевтің мәлеметтерінде Кіші Ордада сол кезде алшынның ірі рулар бірлестігі Байұлы 12 рудан, 55 тайпа, 64 бөлімнен; Әлімұлы 6 ру, 23 тайпа, 95 бөлім; Жетіру 7-ру, 45 тайпа, 35 бөлімнен тұрады деп көрсетілген. Қаперлеріңізге бере кетелік, “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының бірінші кітабында [26/21-43] қазақ ру-тайпаларының ру таңбалары туралы бұған дейін жарық көрген барша еңбектер бойынша көлемді деректер, және ру таңбаларының суретті кестелері берілген.

          Шәһкәрім: “Шыңғысханды ұлы хан деп сайлағанда осы рулардың жолбасшыларына төмендегі айырым белгілерін берді: ұран (жауынгерлік), құс, ағаш және таңба. Ұлы жүздің көшбасшысы үйсін руының биі Майқыға былай деді: бұдан былай сенің ұраның – Салауат, құсың – бүркіт, ағашың – қарағаш, таңбаң “сүргі, оның көрінісі ┌┼┐ – немесе Ш. Орта жүздің көшбасшысы Қоңырат руының биі Сенгелге былай айтылды: сенің ұраның – қоңырат, құсың – қыран, ағашың – алма ағашы, таңбаң – ай. Оның көрінісі - С [14/22]. Осы дәстүр Америка үндістері арасында да кең таралған және олардан әдет-ғұрыптық тәлім алған бүгінгі Америка штаттарында да сақталған. Олардың барлығында да өз құсы, гүлі, ағашы, таңбасымен (ел таңба - герб) жалауы бар. Мысалы, 1776 жылы құрылған Джорджия штатының ел таңбасы – суретті мөр, жалауы тігінен қосылған екі түсті ту (ортасында ел таңбасы бар көк шаршы және Х таңбалы қызыл шаршыл), гүлі – ақ гүлді райхан, құсы – сұр балғабас, ағашы – мәңгі жасыл емен. (Қара. Илл.2.1776 жылы құрылған Джорджия штаты белгілері). Оғыздық 24 таңбаның Ғұн әліпбиіндегі 24 әріпке сәйкес болғандығы, яғни байырғы түрік жазуы екендігі туралы жазбаша мағлұмат бар. Оғыз заманында адам аттарының Күн хан, Ай хан, Жұлдыз хан, Көк хан, Тау хан, Теңіз хан, Қыр хан, Өр хан аталып, ғаламдық-ғарыштық бастамалар мен географиялық ландшафт сипатында болуы да Тәңірлік түсінік жаңғырығы» дейді. (17-20 беттер).

         Өздеріңіз көріп отырғандай, Шыңғыс ханды ұлы хан, яғни қаған сайлағанда Ұлы Жүз бен Орта Жүз сияқты Кіші Жүз - Бекарыс – Алшынға таңба мен ұран еншіленбеген. Себебі, Кіші Жүз - Алшын Қазақтың Үш ұлының кішісі, яғни Қарт Қазақтың қарашаңырағының иесі болатын. Бекарыс- Алшынның ұраны Алаш, таңбасы "Тіл" болды және бұл жалпы Қазаққа бірдей, яғни барлық Қазақ баласының ежелгі Ата-бабаларынан қалған ортақ таңба, ортақ ұран еді.

          Қарашаңырақ демекші, «Қарашаңырақ – ұлы, негізгі, киелі, байырғы, мұрагер, бас шаңырақ деген ұғымдарды береді. Ұлттық салт-санада қарашаңырақ ұғымы өте әділ шешімін тапқан. Мысалы, бір әкенің үш ұлы бар делік. Күндердің күнінде үлкен екі ұлын үйлендіріп, жеке отау тігіп бөлек шығарады. Ал, кенже ұлы әке-шешенің қолында, қарашаңырақта немесе бас шаңырақта қалады. Негізгі мұрагер кенже ұл болады. Атадан, әкеден қалған қарашаңыраққа мұрагер болғандықтан кенже ұлдың жасы кіші болса да жолы үлкен. Сол шаңырақтан отау тігіп бөлек шыққан ұлдары мен қыздары сәлем беріп, төркіндеп, амал айында көрісіп ата-ананың бар кезінде де, жоқ кезінде бірінші қарашаңыраққа келетін болады. Бұл ата-бабасына және ұшқан ұясына деген құрмет. Ұлттық тұрғыдан қарайтын болсақ, атамекенге, салт-дәстүрге, баба-тарихқа деген құрмет. Ортақ ұлттық қағиданы мойындап, әрбір әрекетімізді бауырластық пен туыстыққа икемдеу. Мысалы, Қазақ Атадан тараған қазақ халқы да үш жүзден тұрады. Үш жүздің ең кішісі – кіші жүз. Ұлттық шежіреде кіші жүздің ең кенжесі – Адайлар. Демек, Адайлар – қазақ халқының қарашаңырағының иесі. Қарашаңырақты иелеу – артықшылық емес, керісінше, асқан жауапкершілік. Мұрагер әкеден қалған заттық бұйымдардың ғана иесі емес, сол әулеттен тараған отаулардың, ұл-қыздардың, жекжат-жұрағаттың бірлік-берекесіне, туыстық қарым-қатынасына, сыйластығына, тұтастығына ұйытқы болуы тиіс. Ата-баба, әке аманатына адал болуға міндетті. Ұлттық деңгейде алсақ та, маңғыстаулықтарға артылатын төл міндеттің маңыздылығы дәл осындай (шартты ұғымдарды тұтас қазақ халқының бірлігі мен берекесіне ұштастырып бүгінгі күннің талап-тілегіне идеологиялық тұрғыдан астастырып пайдаға жарату бағытында сөз болып отыр)» (Сабыр Адайдың «Қарапайым қағидалар» атты еңбегінен үзінді).

        Мұндайды, қазақта ұрпақ сабақтастығы, яғни ата жолын қуу дейді. Себебі, сол бұрынғы Оғыз аталарының жолын қайталаған, Шыңғысхан да, Күнхан да, Әз Тәуке де сол Оғыз атамыздың тікелей ұрпақтары. Бұлар құрған мемлекеттердің бәрінің де атауы «Қазақ» болатын. Шыңғыс ханның тегі қазақ екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек.

         Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір