• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:58:39
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 NEWS

Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын 7 жылдан бері қайтара алмай жүр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында тұратын кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында тұратын кейуана 7 жылдан бері туған қызы мен немересін үйіне қайтара алмай зар илеп жүр. Дүкендегі жұмысынан оралмаған қызы хат жазып қалдырыпты. Тіпті немересін де бірге алып кеткен, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Пайғамбар жасынан асқан әже жанына жақын адамдарын "Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің өкілдері үгіттеп алып кетті деп отыр.

Көз жасы көл болған ана қазір қара басы қаңыраған үйде жалғыз қалдым деп налиды. Діни бірлестіктен зәбір көрген бұл жалғыз адам емес дейді тұрғындар.

Барно Юлдашева, Ақсу ауылының тұрғыны: 

— 7 жыл болды кеткеніне. Бір келген еді. Үйге қайтып орал дегенімде, «қайта алмаймын ол мүмкін емес. Бұл менің еркімде емес», - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір