• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:28:04
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 NEWS

Кейбір сахналары Алматыда түсірілген үнді фильмі прокатқа шығады

Кинотуынды Хуши Девани атты үнді қызының тағдыры туралы баяндайды

2017 жылы 14 желтоқсанда Болливудтың  «Khushi Motion Pictures» кинокомпаниясы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен  (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша) түсірілген «Туған үйім- тірегім» («Love you family») атты үнді фильмі ұлттық прокатқа шығады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталған кинотуынды Хуши Девани атты үнді қызының тағдыры туралы баяндайды. Сүйіп қосылған күйеуінен қорлық көрген ол, Алматыға келіп, жұмысқа орналасып, биіктерден көрінеді. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Болливудтың «Khushi Motion Pictures» атты компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойған болатын.  Бірлескен өндіріс жөніндегі келісім бойынша, екі жақ  «Love you family» толықметражды көркем фильмінің дистрибуциясы саласында қызмет етуге міндеттелген.

- Фильмнің Үндістандағы прокаты  табысты болды. Қазақстанда ешқашан болмаған біздің көрермендер үшін Алматы қаласының әдемі көріністерін тамашалау қызықты болды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сенім білдіріп, қолдағандары үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясына түсірілім кезінде кәсіби деңгейде көмек көрсеткендеріне алғысымыз шексіз. Бірлесіп түсірген туындымыздың сәтті шыққанына қуаныштымын. Менің білуімше, Қазақстанда үнді фильмдерін сүйіп тамашалайтын көрермендер көп, сондықтан да бұл фильм қазақстандықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын, - деді фильмнің продюсері Випул Девани.

Үнді режиссері Сачиндр Шарм түсірген «Туған үйім - тірегім» фильмінің түсіру жұмыстары Үндістанда және Тайландта өтті.  Картинаның негізгі қойылымдарын Қазақстанда, айта кетсек, Алматы қаласының көрікті жерлерінде түсірілді (Республика алаңы, «Арбат», Шымбұлақ және Көк-Төбе).

Фильмге үндінің танымал актерлері - Пардасани Акша Сунил, Джоши Маной Наванет, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар түскен. Бұл картинада қазақстандық танымал актер Фархат Абдрайымов та бой көрсетеді.   

«Қазақфильм» киностудиясында қазақ тіліне дубляждалған (орыс тілінде субтитрлары бар) «Туған үйім - тірегім» атты үнді мелодрамасы еліміздің кинотеатрларынан 14 желтоқсаннан бастап көрсетілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір