• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:02:28
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазған ақтөбелік сотқа тартылды

Кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазған Бауыржан Унерзак Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылды.

Кеудесіне тергеушінің аты-жөнін ойып жазған Бауыржан Унерзак Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылды. Ол жазасын шартты түрде өтейді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып жазады. 

«Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, сол топты ажырату үшін бардым» деген Бауыржан Унерзак тергеу қапасында отырып, прокурорлардың көмек сұраған болатын. Ақтөбе облыстық прокуратурасы тергеу кезінде заңсыздықтарға жол берілгенін анықтап, сот шешімімен айыпталушы үйқамаққа жіберілді.

№2 Ақтөбе қалалық соты қылмыстық іске үкім шығарды. Бауыржан Унерзак Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан шеттетілді. Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органның нұсқауымен 100 сағат жұмыс істеуі тиіс. Б.Унерзак 306 мың теңге сот шығынын өтейді. Іс материалына сүйенсек, Б.Унерзак 25 маусым күні достарымен түнгі клубқа барады. Сол кезде тағы бір топ қыдырып жүрген.

Төбелес түнгі клубқа кіреберісте болып, Б.Унерзак бірнеше адамды ұрады. Сол кезде клуб жанына көлік келіп, төбелескен топты таратады. Осы сәтті пайдаланған жәбірленушілер оқиға орнынан қашып кеткен. Айыпталушы Бауыржан Унерзак өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Ол түнгі клубқа жалғыз өзі барғанын, жанындағы адамдарды танымайтынын, далаға шыққан кезде төбелесіп жатқан топты көріп, жас жігіттерге араша түскенін айтты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір